ДИТОР: Көкшетауда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Шараға құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, адвокаттар мен нотариустар қатысып, тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алып, қажетті түсіндірулерге қол жеткізді.

РКС: Қабылдауға келгендердің қатарында зейнеткер Майра Ғаббасова да бар. Ол тұратын Тілеулин көшесіндегі 86 үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері баспананың техникалық жағдайына алаңдаулы. Үй иесінің пәтер сатып алғанына небәрі екі жыл болған. Осы уақыт ішінде көпқабатты тұрғын үйдің қабырғалары шытынап, кей бөліктері құлай бастаған. Мамандардан кеңес алған тұрғын мәселенің оң шешім табатынынан үмітті.

СНХ: МАЙРА ҒАББАСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы түйткілді мәселені шешуге көмек сұрап, үлкен үмітпен келдік. Мамандардың бізге көмек көрсетуге тырысып жатқанын көріп, риза болып отырмыз. Барлығын түсіндіріп, қайда, қалай жүгіну керектігін айтып берді. Акция өтіп жатқанын кездейсоқ естіп қалдық. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, қабылдап жатыр деген соң келдік. Бізді өте жылы қарсы алды. Әрқайсысы жанашырлық танытып, көмектесуге тырысты. Мәселеміз шешімін табады деп үміттенеміз.

РКС: Халық алаяқтардың арбауына түсіп, интернет арқылы жасалатын қылмыстың құрбаны болып жатады. Ақмола облысында осы уақытқа дейін 300-ден астам алаяқтық дерегі тіркелген. 75 адам дропперлік бойынша қамауға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстарға киберволонтерлер де тартылған. Олар киберқылмыс пен интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

СНХ: ДАНИЯР ЖАҚСЫЛЫҚ, ВОЛОНТЕР: Мен облыстық полиция департаментінің киберволонтерімін. Мен кибер алаяқтыққа қарсы жұмыс істеудемін. Бүгін «халық заңгері» аттты акцияда парақшалар таратып, халыққа кішігірім көмегімді тигізіп жүрмін. Біз жекеменшік ұйымдарда, колледждерде, мектептерде көптеген кездесулер өткіздік. Оқушыларға, студенттерге түсіндірдік. Халыққа көмегімізді тигізіп жатырмыз. Кішкентай да болсын үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Кибер алаяқтыққа қарсымын.

РКС: Тұрғындар көтерген мәселелер сан алуан. Азаматтық даулар да, қылмыстық істерге қатысты мәселелер де бар. Тұрғындар кей жағдайларда қайда жүгінерін, өз құқығын қалай қорғау керегін білмей жатады. «Халық заңгері» акциясы болса, оларға нақты бағыт-бағдар беретін тиімді алаңға айналған.

СНХ: МАРАТ БАҚТЫБЕКҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл біздің Президентіміздің халықты есту, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатының аясында ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда барлық құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдардың қызметкерлері және басшылары қатысуда. Бұл акция кезінде біз мүмкіндігінше бізге келіп жатқан халықтың қандай да бір сұрағын, мәселелерін шешуге тырысамыз. Бұған заңгерлер, нотариустер, сот орындаушылары қатысуда. Адамдардың қандай да бір проблемалары болса шешуге, құқықтық жауап беруге дайынбыз.

РКС: «Халық заңгері» акциясы жылына бір рет өтеді. Бұл бастама еліміздің барлық қалаларын қамтуда.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ