ДИКТОР: Көкшетауда өткен мерекелік кеш жарқын көңіл-күймен, жылы әсермен қорытындыланды. Балалар күніне орай ұйымдастырылған думанды шараның шарықтау шегі ашық аспан астында өткен әсерлі open air форматындағы концертпен түйінделді.

РКС: Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік атмосфераға бөленіп, өнерпаздардың әсем әні мен көтеріңкі әуендеріне куә болды. Мерекелік думанға арнайы шақырылған эстрада жұлдыздары Abbi&Altair, Rikk және Калифарния сынды танымал орындаушылар қатысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгін таң атқалы іс-шаралар легі өтіп жатыр. Жаңа жағалаудың екінші бөлігі ашылды. Одан қалды қазір қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің қолдауымен жастарға арналған open air өтіп жатыр. Ауа райына қарамастан біраз тұрғын жиналды. Көңіл күйлері тамаша.

РКС: Күн бұлттанып, толассыз жаңбыр жауса да, бұл кешке жиналған жұрттың көңіл-күйін еш бұзбады. Мұнда жасөспірімдер, жастар, немерелерін көтерген үлкендер де болды.

БЛИЦ:

- Бүгінгі күн өте күшті өтіп жатыр. Балалар күніне орай түрлі концерт өткізіп жатыр. Барша балаларды мерекемен құттықтаймын.

- Концерт керемет өтіп жатыр. Көрермендермен кері байланыс орнатып, ойындар ойнатып жатыр. Бәрі ұнап жатыр.

-

- Бүгінгі күнді өте көп күттік, қала әкімі жағалау ашылады деп уәде еткенін көріп алып, паркті көруге, концертті көруге асығып келдік. Ауа райына қарамастан барлығы күшті, барлығы балаларымен келіп көңіл көтеріп жатыр.

-

- Бүгінгі күн күшті өтіп жатыр. Ауа райы жаман болса да, көңіл күй жақсы.Адамдар көп жиналып жатыр. Бәрі балалар күнін тойлап, концерт тамашалап қыдырып жүр.

РКС: Балалардың шат көңілі үшін бар жағдай жасалды. Тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратылып, түрлі-түсті жарқыраған шарлар мен ойыншықтар ұсынылды. Мұның бәрі қолайсыз ауа райына қарамастан, балалардың көңілін көтеріп, мерекелік әсерді одан әрі айшықтай түсті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ