ДИКТОР: Щучинск қаласында заманауи экосаябақ пайдалануға берілді. Жаңа қоғамдық кеңістік өңірдің туристік әлеуетін арттырып, тұрғындардың жайлы демалуына мүмкіндік бермек. Айта кетейік, былтыр курортты аймаққа 1,5 миллионнан астам турист келген. Курортты аймақтағы игі бастамалар туралы тілшіміз баяндайды.

РКС: Айгүл Әлиева Щучинскіде отыз жылдан астам тұрады. Айтуынша, мұндай демалыс орындары бұрын-соңды болмаған. Ол үшін басқа қалаға баруға мәжбүр болатынбыз,-дейді. Бүгінде қала келбеті өзгеріп, жаңа тыныс алған.

СНХ: АЙГҮЛ ӘЛИЕВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Серуендейтін саябақтар аз болатын. Қазір жаңа саябақтар, ойын алаңдары мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, қаламыздың шырайын келтіруде. Барлығы таза, әдемі әрі жайлы. Балаларымызбен, немерелерімізбен келіп демалуға барлық жағдай жасалған. Енді жақсы демалыс үшін басқа жаққа барудың қажеті жоқ.

РКС: 15 мың шаршы метр болатын заманауи экосаябақта «Ана мен бала» мемориалы мен шаңырақ үлгісіндегі күмбез, сондай-ақ амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, инклюзивті ойын аймағы орнатылған. Сондай-ақ, 300 түп ағаш пен 5 мыңнан астам сәндік бұта отырғызылды.

СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

2024 жылы Даңқ аллеясын жаңғырту жұмыстарын бастадық. Былтыр Мәдениет сарайы пайдалануға берілді. Биыл спорт сарайы ашылды. Енді міне, осы нысандарды біртұтас қоғамдық кеңістікке біріктіретін - экопарк те ашылвып отыр. Келер жылы Қылшақты өзенінің жағалауын дамыту жоспарланып отыр.

РКС: Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов «Биші қайыңдар» саябағындағы жаңа туристік бағытпен танысты. Қазір мұнда Жөкей көлі мен Ақылбай ауылына апаратын жаңа бағыт әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, ауданда халықаралық стандарттарға сай 5 жұлдызды қонақүй құрылысына арналған алаң дайындық үстінде. Аймақ басшысы Бурабай тек табиғатымен ғана емес, туристерді сапалы сервисімен де тәнті етуі тиіс екенін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай енді еліміздің бір бір көркем табиғаты бар, бір ерекше өңір. Сондықтан осы бұның бәрін тек қана осы келіп, суға түсу емес, сол келгесін бір жақсы әсер алып кетсін, тарихи деңгейден, мәдени деңгейден, сосын салт-дәстүрімізді көріп, тағамымызды көріп... Сондықтан әртүрлі, әрбір келген қонаққа жағдай жасау мәселесі өте ерекше. Сондықтан бізге де осы қуантып отыр, бүгінгі мына келіп жатқан үлкен-үлкен жобалар. Енді, әрине, әлі біраз кемшіліктері бар, оның бәрін, соның бәрін ескере отырып, осы келген қонақтарға қауіпсіздік, жақсы демалыс орын ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар деп есептеймін.

РКС: Аталған жобалар курортты аймақтың халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналуына серпін бермек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ