ДИКТОР: Көкшетау маңында 5 мың түп жас қарағай көшеті отырғызылды. Ағаштар «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесінің аумағында егіліп, Шағалалы орманшылығында шамамен 1 гектар жер көгалдандырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.
РКС: Биыл өңірде көшет отырғызу жұмыстары 15 сәуірден басталды. Осы уақыт аралығында «Бұқпа» орман шаруашылығының өзінде ғана 200 гектардан астам аумақ көгалдандырылды.
СНХ: ҒАЛЫМБЕК БАТТАЛОВ, «БҰҚПА» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Күтіммен енді біз өзіміз айналысамыз. Жазда, посадка өткесін жершөп өседі. Сол прополка жасаймыз, арамшөпті жыламыз. Сосын міне жаң жағынан минполосы дейді. Сонымен жыртып. Жаң жақтан келген өрт кіріп кетпесін деп, соны біз жыртып тастаймыз. Төрт-бес метр жарпақтарына.Менде 40-45 орманшы бар. Өзіміздің территория 22 мың 73 гектар. Сол бәрі 45 адам соны күні бақылаймы. Қысы, жазы еңбек жасаймыз.
РКС: Көшет отырғызу жұмыстарына болашақ мамандар да қатысты. Жансая Дәуренбек – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің орман шаруашылығы мамандығына оқып жатыр. Қызылордадан келген студент екінші курстан бастап-ақ табиғатты қорғау ісіне белсене араласып, өз үлесін қосып келеді. Бұл жолғы көшет отырғызу шарасына 50-ден астам адам қатысты.
СНХ: ЖАНСАЯ ДӘУРЕНБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бізде мамандық бойынша практика жүргізіліп жатыр қазіргі таңда. Ағаштар егу, сондай жұмыстарды үйреніп жатырмыз. Қазіргі кезде практикамыз өте керемет деңгейде жүргізілуде. Үйреніп жатырмыз біраз нәрсеге. Мамандығым бойынша жұмыс жасау ойда бар. Сосын осы мамандық бойынша магистратурада оқып, мұғалім бола аламын.
РКС: Облыс бойынша 13 орман шаруашылығы мекемесінде көшет отырғызу жұмыстарына 700-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Сондай-ақ бұл іске волонтерлер мен маусымдық жұмысшылар да тартылуда. Президенттің орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде 150 миллион түп көшет отырғызу жоспарланған.
СНХ: БАТЫРЖАН ӘБІЛПЕЙІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс әкімі биыл шамамен 20 миллион түп көшет отырғызу міндетін қойды. Көктемгі кезеңде біз оның 10 миллионға жуығын отырғыздық.
РКС: Облыста орман қорын көгалдандыру, қалпына келтіру және қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасарына өртті ерте анықтау жүйесі таныстырылды. Өңірдегі ормандардың жағдайын дрондар мен бейнебақылау камералары бақылап отырады. Орманшыларға заманауи техника, орман патрульдік кешендер және басқа да қажетті көліктер көмек көрсетуде. Көктемгі маусым соңына дейін өңірде тағы 5 миллион түп қылқан жапырақты көшет отырғызу жоспарланған. Күз мезгілінде де мамандар жұмысты жалғастырады. Алдағы кезеңде жапырақты ағаш түрлері мен бұталар отырғызылмақ.
МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ