ДИКТОР: 1-ші шілдеден бастап елімізде электр самокаттарын пайдалану ережелері өзгереді. Жаңа талап енді тек ірі қалаларға ғана емес, барлық аймақтарға да қатысты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Жаңа ережеге сәйкес, енді самокат тізгіндеу үшін жүргізушінің жасы 18-ден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі мен қорғаныш құралдарын пайдалану міндеттеледі. Яғни, микромобильді көлік құралдары жол қозғалысының толыққанды қатысушысы ретінде қарастырылмақ. Бұл – енді жауапкершілік те артады деген сөз.
СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қайда жүруе болады: алдымен веложолмен немесе веложолақпен, егер олар болмаса жолдың оң жақ шетімен бірқатарда, жолдың жиегімен тротуарларда немесе жаяу жүргіншілер жолымен. Оған жылдамдық шектеуі бар. Жолда және веложолда 25 км/сағатына дейін. Тротуар және жаяу аймақта 6 км/сағ дейін және жаяу жүргіншілерге міндетті түрде жол беруі керек.
РКС: Ал ережені бұзғандарға әкімшілік жаза қарастырылған. Самокатты жалға беретін компаниялар да бұл жауапкершіліктен тыс қалмайды. Әрине, алаңдаудың жөні бар. Соңғы жылдары шаһар көшелерінде мобильді көлік құралын тізгіндегендердің саны артып келеді. Әсіресе еліміз бойынша кәмелетке толмаған жастардың қатысуымен орын алған жол апаты фактілерін ескерсек, мұндай талаптың енгізілуі де орынды. Ал арнайы қозғалыс аймақтарына келетін болсақ, шаһарда бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде шаһарда 20 шақырымға жуық веложол бар. Ал 2029 жылға дейін оның ұзындығын 90 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы орайда 2026 жылы Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылы бойында Жаңа жағалау жобаларын жүзеге асыру мақсатында,осы велосипед жолақтары қарастырылған. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша шамамен 30 километрге жуық велосипед жолы қарастырылған. Бұл жұмыстар жылдағыдай жоспарға сәйкес жылдағыдай жүргізіліп тұратын болады. Қазір 20 километр бар оған тағы қосымша он километрге жуық салатын боламыз. 2029 жылға дейін, арнайы жоспарға сәйкес шамамен 90 км дейін жеткізу көзделген.
РКС: Бүгінде мобильді көлік құралдары - жол қозғалысының бір бөлігі. Сондықтан бұл салада да «Заң және тәртіп» қағидасы қатаң сақталуы тиіс. Мамандар мұндағы басты мақсат – самокаттарды шектеу емес, оларды қауіпсіз әрі заңды түрде жол қозғалысына енгізу,-дейді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ