ДИКТОР: Бурабай ауданында 1500-ге жуық ірі қара мал басына арналған сүт-тауарлы фермасы салынып жатыр. Сонымен қатар, Щучинск қаласында сүт зауыты да бой көтеруде. Жаңа кешен жемшөп дайындаудан бастап, сүтті өңдеуге дейінгі толық өндірістік циклды жолға қоюға мүмкіндік береді. Болашақта зауыт тәулігіне 55 тоннаға дейін өнім шығара алады. Оксана Зинченко баяндайды.
РКС: Екі нысанда да құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес қатар жүргізілуде. Жоба импортты алмастыруға бағытталған. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді. Фермада сауу каруселі, мал ұстау жүйесі, сүт блогы, сондай-ақ жемшөп цехының жабдықтары орнату жоспарлануда.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕМІРОВ, «BURABAY MILK» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жобаның жалпы құны — 13,9 млрд теңге. Аталған жобаларды іске асыруға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ақмола облысының әкімдігі «KOKSHE» әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясының механизмдері мен тетіктері арқылы белсенді қолдау көрсетуде. Бұл бастамаларды жүзеге асыру өңірде 174 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
РКС: Жемшөп базасына ерекше көңіл бөлінуде. Мал азығы жыл бойы жеткілікті болуы үшін компания ауыл шаруашылығы алқаптарын суару бойынша жеке жобаны іске қосуда.
СНХ: СЕРГЕЙ КУЛЬБОКО, «BURABAY MILK» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АГРОНОМЫ: 1500 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы фермасының құрылысына байланысты бізде суармалы жерлерді ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның қуаттылығы 600 гектар егістік алқапты қамтиды. Жобаның мақсаты – сүт-тауарлы фермасының қажеттілігі үшін шырынды мал азығын тұрақты түрде өсіруді қамтамасыз ету. Жылдық қуаттылығы 24 мың тоннаны құрайды, бұл біздің мал басын қамтамасыз ету үшін қажет. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Шілде мен қараша аралығында жүзеге асырылады.
РКС: Нысандарда 20-ға жуық арнайы техника үздіксіз жұмыс істеп тұр. Құрылыс алаңында 100-ден астам маман еңбек етуде, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар.
СНХ: ӘЛІБЕК ӘУЕЛБЕКОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда Бұрабай милк тапсырума берушінің екі жобасы іске асырылуда. Компаниясы бүгінгі таңда сүт зауытын және сүт фермасын іске асырып жатыр. Екі зауытта қарқынды жұмыс, екі зауытта да қарқынды құрылыс-монтаж жұмыстар істелініп жатыр. Бүгінгі таңда жүзден астам жұмысшылар жұмыс істейді. Оның негізгі Көкшетау қаласы мен Щучинсктен бізге қарастырылған. Барлық құрылыс жұмыстары бекітілген кестемен келе жатыр. Біздің тарапымыздан бүткіл құрылыс жұмыстар істелуде. Ал шетел серіктестеріміз, ол Еуропа мен Қытайдан, олар технологиясына жауап береді.
РКС: Ферма автоматты түрде температура мен жарықты бақылап отыратын микроклиматты басқарудың интеллектуалды жүйесімен жабдықталмақ. Сүт зауытында автоматтандырылған технологиялық жабдықтар орнатылады. Жобаны іске асыру өңірде шамамен 130 жаңа жұмыс орнын ашуға және сүт өнімдері өндірісінің көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ