Егін шаруашылығындағы жаңа бағыт
ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ІІІ форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өсімдік шаруашылығын дамыту елдің азық-түлік қауіпсіздігімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондықтан өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, өнімнің өзіндік құнын төмендету маңызды. Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдан бастап Қазақстанда мономәдениетке, бидайға тәуелділікті азайту және рентабельділігі жоғары дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте Президент егістікті әртараптандыру өңірлердің топырақ-климаттық ерекшеліктері мен өңдеуші кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс екенін атап өтті.
РКС: Президент аталған саланы одан әрі дамытудың маңызды шарты ретінде алдыңғы қатарлы ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізуді атады. Бұл ретте мемлекет ауылдық аумақтардағы өндірісті дамытуға қаражат салатын фермерлерді қолдауды жалғастырады.
ЦИТАТА:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Егін шаруашылығының әлеуетін толық пайдалану үшін озық ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізуге күш салуымыз керек. Өздеріңізге мәлім, жер қателікті көтереді. Бірақ аялап, ұқыпты қараса, көл-көсір пайдаға кенелтеді. Мемлекет туған жерінің өркендеуіне үлес қосатын, ауылдастарының игілігін ойлайтын адал фермерлер мен іскер шаруаларға әрдайым қолдау көрсетеді. (Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында сөйлеген сөзінен)
РКС: Бұл міндеттер Ақмола өңірінің аграрилері үшін де өзекті. Жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісінің бір мысалы - «Жер Ана» серіктестігі. Кәсіпорын Егіндікөл ауданында 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 20-ға жуық маман жұмыс істейді. Шаруашылықтың иелігінде алты комбайн, үш егіс кешені, төрт жүк автомобилі және бес трактор бар. Жеке элеватор бар. Бұл ретте шаруашылық біртіндеп мамандануды кеңейтуде. Биыл шағын мал шаруашылығы кешені құрылды. Қазір онда 100-ге жуық бас - ірі және ұсақ мал, сондай-ақ жылқы бар. Қызметінің негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы болып қала береді. Астық жинау науқанының қорытындысы бойынша астық түсімі гектарынан 11,8 центнерді құрады. Майлы дақылдар 9 центнерден, ал зығыр гектарынан 6 центнерден жиналды. Шаруашылықта егістікті әртараптандыру түрлі дақылдардың болашағын бағалауға және өндірісті нарық талаптарына біртіндеп бейімдеуге мүмкіндік береді.
СНХ: АЛЕКСАНДР ТЕРЕЩЕНКО, «СХП ЖЕР-АНА» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АГРОНОМЫ: Биыл күнбағыс, майлы дақылдар, зығыр, арпа және бидай себілді. Алдағы уақытта зығыр, бидай және арпа егуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Күнбағысты қалай өңдеуді, сақтауды зерттеп жатырмыз. Алдағы уақытта осы бағытта дамитын боламыз.
РКС: Ақмола өңірі Қазақстанның жетекші астық өсіруші облысының бірі. Биыл шаруалар 6,3 миллион тонна астық жинады. Бұл ретте астықтың 90 проценті үшінші класқа жатады, ал осы көлемнің 70 проценті сұранысқа ие Hi-Pro санатына сәйкес келеді. Майлы дақылдар егістігін кеңейту жалғасуда. 2026 жылы олардың ауданы 838 мың гектарға жетті, бұл бұрынғы көрсеткіштерден төрт еседен аса көп. Қазір ақмолалық фермерлер 2027 жылдың егісіне дайындықты бастады. Келер жылы шаруалар 5,6 млн гектар жерге егін егеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАЗ СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ