Негізгі Жаңалықтар Марокко – Қазақстан: 4:1

Марокко – Қазақстан: 4:1


ДИКТОР: Кеше Марокко мен Қазақстанның футзалдан U-19 ұлттық құрамалары арасында жолдастық екінші кездесуі өтті. 19 жасқа дейінгі спортшылар өзара бақ сынап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Матчты тілшіміз Евгений Варанкин тамашалап қайтты.

РКС: Алғашқы халықаралық кездесу қарашаның 22-де өтті. Ойын барысында футболшылар тартымды ойын көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Марокко командасын 6:2 есебімен жеңді. Екінші кездесуде Марокко ойыншылары бірінші таймның бесінші минутында есепті ашты. Ал үш минуттан соң Қазақстан құрамасының қақпасына екінші гол соқты.

СНХ: ВАСИЛИЙ СМОЛИН, ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН U-19 ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Марокко құрамасымен өткен екі ойын да жақсы болды. Марокко мықты команда. Олар жақында ғана Олимпиададан оралды. Онда үшінші орын алған. Екі кездесудің ойын өрнегі бір-бірінен сәл өзгеше болды. Алғашқы ойында жақсырақ ойнадық. Жеңіске деген құлшынысымыз жоғары болды. Өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалана алдық. Екінші ойын да жаман болған жоқ. Алайда гол соғу мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмадық. Сонымен қатар шешуші сәттерде ойынға деген зейінімізді жоғалтып алдық. Нәтижесінде бұл ойын қорытындысына әсер етті.

РКС: Бірінші таймның 17-ші минутында Қазақстан құрамасы қарсыластарына әдемі голмен жауап қайтарды. Бірінші таймның қорытындысы бойынша Марокко құрамасы 2:1 есебімен алда болды. Гол авторы Жанмұрат Амандос кездесуден алған әсерімен бөлісті.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ЖАНМҰРАТ АМАНДОС, ФУТЗАЛДАН U-19 ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Өте керемет. Марокко командасы жақсы. Ойын қарқынды өтті. Сборная Казахстана өте керемет команда. Қарсыластар өте жақсы ойнады. Бүгін жеңіске жете алмай қалдық, ұтылып қалдық. Бұл бірінші тәжірибе сондай. Алда Сербия күтіп тұр. Соған дайындаламыз. 

РКС: Екінші таймның алғашқы жартысында қонақтар есепті 3:1-ге жеткізді. Ал матчтың екінші кезеңінің 18-минутында Марокко құрамасы Қазақстан қақпасына соңғы төртінші голын соқты. Осылайша Марокко құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ойыннан алған әсерімен Марокко құрамасының бапкері Закария Куири бөлісті.

СНХ: ЗАКАРИЯ КУИРИ, ФУТЗАЛДАН МАРОККО U-19 ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ: Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз және осында болғанымызға өте қуаныштымыз. Халқы өте қонақжай, мейірімді. Барлығы керемет өтті. Қалаларыңыз өте әдемі. Қазақстан – футзал жоғары деңгейде дамыған елдердің бірі. Бұл спорт түріне ерекше көңіл бөлесіздер. Тіпті футзал қазақ халқының қанында бар сияқты. Біз де осындай тәжірибе жинақтау, Қазақстан ұлттық құрамасымен ойнау үшін осында келдік. Жақында ғана Олимпиададан оралдық. Сол жерде түрлі құрамалармен ойнадық. Алайда Қазақстан құрамасымен алғаш рет ойнадық. Бірінші ойында түрлі себептерге байланысты жеңіліп қалдық. Бірақ бүгін қателіктерімізді түзетіп, жақсы ойын көрсете алдық. Өздеріңіз білетіндей, Марокко футзалы әлемдегі үздік алты құраманың қатарына кіреді. Бұған бапкерлеріміздің жастар құрамаларына көп күш салып, үлкен еңбек етуінің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Алдағы екі жыл ішінде әлем кубогын жеңіп аламыз деп үміттенеміз.

РКС: Команда бапкерлерінің сөзінше, бұл кездесу олар үшін үлкен тәжірибе болды. Себебі футзалдан ұлттық құраманың халықаралық деңгейдегі мұндай кездесуі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазір команда енді ғана қарқын алып келеді. Енді Қазақстан құрамасы желтоқсанның 9 мен 10-ы аралығында Сербияда бірнеше ойын өткізбек.


ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу