Негізгі Жаңалықтар Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды


ДИКТОР: «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының өкілдері Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Жиында Президент Жолдауында көтерілген бастамалар мен олардың өңір үшін маңызы талқыланды.

РКС: Кездесуде білім мен ғылымды дамыту, мәдени құндылықтарды сақтау, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу және білім сапасын арттыруға басымдық берілді.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Жолдауда жастар, білім мен ғылым және ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне ерекше мән берілген. Инклюзивті білім беру, ата-ана мен мұғалім байланысы да назардан тыс қалмаған. Маған әсіресе ғылымды өндіріспен ұштастыру бастамасы ұнады. Ғылыми жаңалықтар аграрлық сала мен өнеркәсіптің дамуына нақты үлес қосуы керек. Бұл бағытта ғалымдар да ауқымды жұмыс атқарып келеді.

РКС: Сонымен қатар цифрландыру, жаңа технологияларды меңгеру және жастар бастамаларын қолдау мәселелері қозғалды. Ұстаздар мұндай кездесулер студенттердің елдегі өзгерістер мен мемлекет саясатының басым бағыттарын түсінуіне ықпал ететінін айтады.

СНХ: ҰЛБОЛСЫН МӘМБЕТОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бүгінгі болып жатқан іс-шарада бізге, біздің білім алушыларымызға өте қызықты, әрі де олардың сол Жолдауға байланысты айтылған мәселелеріне байланысты — ол қай саланың болсын, ауыл шаруашылығы болсын, отбасы құндылықтары болсын, ұлттық мәдени құндылықтарымыз болсын, кез келген білім саласы болсын, кез келген саланы қамтып, білім алушыларымызға жақсы бір ақпарат берілді деп ойлаймын бүгінгі күні.

РКС: Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу