«Арлан» командасы атыраулық «Бейбарысқа» есе жіберді
ДИКТОР: Кеше көкшетаулық «Арлан» хоккей клубы өз айдынында атыраулық «Бейбарыс» командасын қабылдады. Тартысты өткен кездесуде бұл жолы алаң иелеріне жеңіске жету бұйырмады. Матч 3:1 есебімен Атырау командасының пайдасына аяқталды. Айта кетейік, бір күн бұрын көкшетаулықтар дәл осы қарсыласын 5:2 есебімен жеңді. Қос кездесудің барысын «Арланның» адал жанкүйерлері жіті бақылап, өз командасына қолдау көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қос команда да жеңіске деген жігерін танытты. Жанкүйерлер хоккейшілерге қызу қолдау көрсетіп, нәтижелі ойын мен сүйікті командасының кезекті жеңісін күтті. «Бейбарыс» ойыншысы Юсуп Асуханов матчтың алғашқы минутында есеп ашты. Алайда 11-ші минутта «Арлан» сапындағы Вячеслав Коротин командасы аз құрамда ойнап жатқан сәтте қарсылас қақпасына шайба салып, есепті теңестірді. Осылайша, алғашқы үзіліске командалар 1:1 есебімен шықты. Бұл уақытта трибунадағы көрермендер де ойыншыларға дем беріп, қолдауын аямады. «Арланның» көптеген жанкүйері үшін сүйікті клубына қолдау көрсету жай ғана қызығушылық емес, жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр. Кездесудің қалай өрбігеніне қарамастан, олар өз командасына сенім артып, жеңіске жететініне үміттенді.
СНХ: САТЫБАЛДЫ ОСПАНОВ, ЖАНКҮЙЕР: Осы бастайын Арланға келем соның жанкүйерімін. Арқасында тілейтінмін. Арланға жеңіс тілек. Алға, Арлан! Солай спортымыз дами берсін, жағымыз арланамыз. Бүкіл спорт дамысын біздің Барысымыз да жақсы ойнасын Алла қаласа. Осылай үлкен табыстарға жетейік бәріміз. Ойын бүгін енді біз сүйем. Екі жақты болады. Кешерімізді жақсы ойнады, кеше жеңген 5-2. Бүгін орташа ойнап жатыр енді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГЕВОРГЯН, ЖАНКҮЙЕР: «Арланға» он жылдан астам уақыт бойы жанкүйер болып келемін. Бүгінгі ойында жігіттерге тек жеңіс тілейміз. Кездесу тартысты басталды. Бірақ алғашқы шайбаны қарсыластардың жылдам соғуы біз үшін қолайсыз болды. Дегенмен, есепті теңестірдік. Енді жігіттер жігерін жоғалтпай, ойын соңына дейін күреседі деп сенеміз. Жеңісті жұлып аламыз деген үміттеміз. Шайбаны көбірек соғып, бапкердің тапсырмасын орындаса екен дейміз.
РКС: Екінші кезеңде Евгений Гасников «Бейбарысты» қайтадан алға шығарды. Ал матчтың соңғы минутында Артём Ананичев «Арланның» бос қақпасына шайба салып, кездесудің түпкілікті есебін белгіледі. Қорытынды есеп – 3:1.
СНХ: ВАЛЕРИЙ МАРКЕЛОВ, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Бүгін, өкінішке қарай, ойынның 13-секундында шайба жіберіп алдық. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды деп есептеймін. Матчқа шыға салысымен, 13 секундта гол жіберіп алу дұрыс емес. Бәлкім, ойынға толық дайындық болмаған шығар. Сонымен қатар, орынсыз айып минуттары да көп болды. Қарсылас команда жеңіске жетуді бізден көбірек қалаған сияқты. Жігіттер шайбалардың жолын бөгеп, барынша күресті. Өкінішке қарай, ойын барысын өзгерту мүмкін болмады. Оң тұстары да бар. Ең бастысы, жігіттер қол қусырып қалған жоқ. Соңына дейін күресіп, барын салды. Алайда есепті теңестіре алмадық.
РКС: Осылайша, екі ойынның нәтижесі бойынша командалар бір-бірден жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде «Арлан» 5:2 есебімен басым түссе, екінші матчта «Бейбарыс» жеңісті жұлып алды. Айта кетейік, 20 ұпай жинаған атыраулық команда турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Ал жеңіліске қарамастан, көкшетаулық клуб Қазақстан чемпионатындағы екінші орнын сақтап қалды. Команданың еншісінде 47 ұпай бар. Алда «Арланды» жаңа кездесулер күтіп тұр. Бұл – көшбасшылық жолындағы өз орнын нығайтуға берілген тағы бір мүмкіндік.
Интершум:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ