Негізгі Жаңалықтар Жылдың үздік студенттері анықталды

Жылдың үздік студенттері анықталды


ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің дәстүрлі «ШОҚАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ – 2026» фестивалі өтті. Аталған шарада жылдың үздік студенттері анықталды. 

Интершум: 

РКС: Биыл «Шоқан жұлдыздары» атағын 27 студент иеленді. Жыл үздіктерін анықтау мақсатындағы іріктеу кезеңі оқу жылының басында қолға алынды. Осы уақыт аралығында қазылар алқасы әр үміткердің қоғамдық белсенділігін, оқу мен шығармашылықтағы жетістіктерін жан-жақты саралап, лайықтыларын таңдады. Солардың қатарында төртінші курс студенті Ақсұңқар Қуат та бар.

СНХ: АҚСҰҢХАР ҚУАТ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін «Шоқан жұлдызы» иегері болғаныма өте қуаныштымын. Өзім 1-ші курстан бері қалап, армандап жеткен жетістігімнің бірі деп ойлаймын. Осы 1-ші курстан мені ұстап алғанды, белсенді болып сабақты бірге алып жүре отыра... осындай жетістіктерге жеткеніме өте қуаныштымын. Алдағы 1-ші, 2-ші курстағы студенттерге де осындай жетістік тілеймін. Университетімізге рахмет, бізге осындай мүмкіндіктер беріп отырғандарына.

РКС: «Шоқан жұлдыздары» фестивалі университетте жыл сайын өткізіліп, белсенді жастардың басын қосады. Байқаудағы бәсекелестік жоғары, ал үздік студент атағына үміткерлердің саны жыл сайын артып келеді. Студенттер үшін бұл марапат оқу мен қоғамдық өмірдегі еңбектерінің басты жемісі.

СНХ: ДИНАРА РЫСПАЕВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Жыл сайын бұл шара біз үшін үлкен мерекеге айналады. Өйткені ол студенттердің бірнеше буынын сабақтастырып, ортақ дәстүр төңірегіне біріктіреді. Студенттер шығармашылық, спорттық іс-шараларға белсене қатысып, университеттің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын студенттеріміздің жетістіктерін назардан тыс қалдырмай, олардың еңбегін лайықты бағалауға тырысамыз. Себебі университетіміз – әр жастың тұлға болып қалыптасуына, зияткерлік әлеуетін арттырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін орта. 

РКС: Мұндай байқаулар студенттердің ғылым, шығармашылық және спорт салаларында дамуына серпін беріп, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады,- дейді ұйымдастырушылар. Жастардың өнері мен талантын ұлықтаған мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Интершум: 

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМИІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу