Негізгі Жаңалықтар Жаңа әлеуметтік нысандар салынуда

Жаңа әлеуметтік нысандар салынуда


ДИКТОР: Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар елді мекенде 600 орындық жаңа мектептің құрылысы да басталды. Екі әлеуметтік нысанды да келер жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланған.

РКС: Екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бір мезетте 100 адам қабылдайтын бассейн және бірнеше спорт залы болады. Сондай-ақ ғимарат аумағында футбол алаңы салынып жатыр. Құрылыс алаңында бүгінде ондаған жұмысшы еңбек етуде. Нысанның негізгі құрылымдары кезең-кезеңімен бой көтеріп келеді.

СНХ: ТӘҢІРБЕРГЕН ЕЛУКИН, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Біз бассейннің чашасын құйып болдық. Бірінші этаждың монолитті перекрытиясын құйдық, бітірдік. Қазір енді обогрев идет. Содан кейін біздерде қазір екінші корпус, екінші корпус спортзал, крытый спортзал. Енді спортзалдың кладкасын бітірдік. Қазір енді жігіттерге фермасын өлшеп, фермалары бәрі дайын, әкелген. Установкасы болады. АБК-ның плита перекрытиясын қойып жатыр жігіттер. Жартысы бізде монолитный участок. Заливается бетонмен. Сонымен жігіттер апаловкасын перебирайттап дайындап, соны қояйын деп жатыр. 

РКС: Жібек жолы ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы жуырда басталды. Қазіргі уақытта нысанның іргетасына арналған қадалар қағылды. Жаңа білім ордасының салынуы – әсіресе ауылдың төртінші шағын ауданы тұрғындары үшін маңызды. Себебі халық санының артуына байланысты мектептегі орын тапшылығы сезіліп отыр. Қазір оқушылар білім ордасына арнайы автобустармен қатынайды.

СНХ: ТАЛҒАТ МӘМБЕТОВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Бұл жерде мектеп салу үлкен мәселе болды. Соңғы он төртінші жыл бір мектеп салынды, жиырмасыншы жылы бір мектеп берілді. Бірақ оның өзі аздық қылды, өйткені тұрғындардың саны жыл сайын өсуде. Жібек жолы ауылында он екі шағын аудан бар. Соның ішінде төртінші шағын ауданда ерекше адам саны өсіп жатыр. Сондықтан балалардың мектепке қатынауына тасымалдауға өте қиындық туғызуда. Сондықтан біз осы жерден алты жүз орындық мектеп салынып жатқанына қуанып, қолдаймыз.

РКС: Жаңа мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға тың серпін бермек. Бірі – білім алушыларға қолайлы жағдай жасаса, екіншісі – тұрғындардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Екі нысанның да уақытылы пайдалануға берілуі – ауыл халқы үшін маңызды жаңалық.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу