Негізгі Жаңалықтар Ақкөлде жемазық ұнын өндіретін кәспорын іске қосылды

Ақкөлде жемазық ұнын өндіретін кәспорын іске қосылды


ДИКТОР: Ақкөл қаласында жемазық ұны өндіріле бастады. Жаңа цех әзірге сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Десе де қазірдің өзінде жақсы нәтиже бар. Өнім негізінен Қытай Халық Республикасына жөнелтілмек. Ауданға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов кәсіпорнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.  

РКС: Кәсіпорын тарихы 2007 жылдан басталады. Негізінен астықты сақтау, қоймалау және өңдеумен айналысады. Биыл астық сақтау көлемін ұлғайтып, жемазық ұнын өндіретін цехты іске қосты. Қазір нысан сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Сағатына 2 тонна өнім шығаруда. Толық қуатына көшкен кезде, өнім өндіру көлемі сағатына 30 тоннаға дейін артпақ. Аймақ басшысы бұл кәсіпорын жергілікті шаруалар үшін өз өнімдерін өткізетін тағы бір тиімді нарық болатынын атап өтті.

Интершум: 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ақкөл ауданы биыл 170 мың тонна астық жинады. Оның шамамен 60-70 процентін қайта өңдей алады. Яғни дәл осы кәсіпорында үлкен көлемде қайта өңдеу жүргізуге болады. Ең бастысы нарық бағасымен сатып алатындығында. Өте тиімді. 

РКС: Жаңа цехтың құрылысына 3 миллиар теңгеден астам қаржы бағытталды. Қазір мұнда 14 адам еңбек етіп жатыр. Дайын жемазық ұны алдағы уақытта Қытайға экспортталады. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында былтыр астық сақтайтын орынның сыйымдылығы арттырылды.

СНХ: САМАТ ҚОЖАМКЕЛОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ: 2025 жылы 15 мың сыйымдылыққа дейін кеңейттік. Астық тазалайтын қондырғыны ауыстырдық. Элеватордың өзіне 422 миллион теңгеден астам қаржы құйдық. Бұдан бөлек, инфрақұрылым тартылды. 370 метр болатын кірме жол. Цехта өндірілген өнімді әрі қарай жөнелту үшін қажет.  

РКС: Жемазық ұнын өндіретін жаңа цех Ақкөл ауданының өнеркәсіптік әлеуетін нығайта түседі. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов астық өсірумен қатар, оны терең өңдеуді дамытудың да маңыздылығын атап өтті. Бұл қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға, экспортты кеңейтуге, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын жандандыруға мүмкіндік береді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу