Құндылықтан - құзыреттілікке: қазақ тілін оқытудың жаңа мүмкіндіктері
ДИКТОР: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Көкшетауда педагогикалық форум ұйымдастырылды. «Құндылықтан – құзыреттілікке: қазақ тілін оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы шараға 70-ке жуық ұстаз қатысты. Басқосуда мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы тың бастамаларды талқылады.
РКС: Форумда білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу, қазақ тілін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері сөз болды. Ұлттық құндылықтарды оқу үдерісімен ұштастыру мәселесі қаралды. Ұстаздар топтарға бөлініп, арнайы тренингке қатысты.
СНХ: ЖАДЫРА МАХМЕТОВА, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Өздерінің тың тәжірибелерімен бөлісті. Форум барысында жай ғана баяндама оқылмай, бұл жерде біз тәжірибе алмасу, ұстаздарымыз әрқайсысы өз тәжірибесін практика жүзінде көрсетіп, барлық мұғалімдер қатыса алды.
СНХ: МАЙРА ЫСҚАҚОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Топтық жұмыс жүргізілді. Топтық жұмыстың тиімділігі неде мұғалімдер үшін? Тиімділігі мұғалімдер тәжірибе алмасып, сол нақты берілген мысалдарын өзінде қолданған тәжірибесін біз қолдана аламыз.+скл+Әрине ең бірінші бұл ынтымақтастықты нығайтады, пікір алмаса аламыз және өз ойымызды еркін жеткізе алу арқасында тәжірибе алмасу болды.
РКС: Көкшетаумен қатар, Астана мен Қарағанды қалаларынан келген ұстаздар да өз тәжірибелерін ортаға салды. Олар қазақ тілін оқытудың тың бағыттарын таныстырып, түрлі тақырыпта баяндама жасады. Бұл ретте оқыту үдерісін заман талабына сай жетілдіріп, оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне басымдық берілді.
СНХ: ЖАНАР ҚАЙЫРКЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Форум жоғары деңгейде, керемет өтіп жатыр. Жалпы менің бүгінгі алған тақырыбым қазақ тілі деген жаңа көзқарас, құндылық, әрекет, құзыреттілік. Осы үш сөз аясында өзімнің тәжірибеммен бөлісіп, яғни қазақ тілін үйретуге бүгінгі таңда жаңа көзқараспен қарау керек екенін әріптестеріме айтып өттім. Құндылықты өзімізден бастауымыз керек. Бала ол құндылықтарды көре білуі керек. Сонда ғана баланың бойына құндылықтарды сіңіре аламыз.
РКС: Онкүндік аясындағы жұмыстар әлі де жалғасады. Бағдарламаға пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы, ашық сабақтар мен оқушыларға арналған шаралар енгізілген.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ