Негізгі Жаңалықтар Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн


ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде біріккен ұлттар ұйымының «16 күндік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» науқаны аясында панельдік пікірталас өтті. Студенттер, оқытушылар мен сарапшылар құқықтық және психологиялық қорғаудың нақты тетіктерін анықтады. 

РКС: Біріккен ұлттар ұйымының жыл сайынғы науқаны 25 қарашада, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні басталады және 10 желтоқсанда - Адам құқықтары күні аяқталады. Биыл жаһандық бастамаға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де қосылды.

СНХ: ДАНИАЛ РАЖАПОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мұндай іс-шаралардың университет қабырғасында өткені өте маңызды, алдын алу шараларының бірі. Гендерлік зорлық-зомбылық - бұл қазіргі қоғамда тек физикалық қана емес, психологиялық түрлерінде де көрініс табатын өте қауіпті проблема. Және де жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға да бағытталған. Мұндай проблемалар айту керек. Көрсету қажет. Біз бәріміз теңбіз, бірдей құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар.

РКС: Панельдік пікірталасқа қатысушылар мәселені әлеуметтік, құқықтық және психологиялық жағынан талқылады. Спикерлер қолданыстағы заңнаманың қалай жұмыс істейтінін, елімізде қандай қорғау тетіктері бар екенін және неге қоғамдық таптаурындар зардап шеккендерге дер кезінде көмек сұрауға кедергі келтіретінін түсіндірді.

СНХ: ТОМИРИС ҚАПАР, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АССИСТЕНТ-ЛЕКТОРЫ: Гендерлік зорлық-зомбылық - бұл жеке адамның ғана емес, қоғамның проблемасы екенін түсіну маңызды. Қоғам осындай мінез-құлықты ақтамай, оның зияны, зардабы мол екенін түсінуі керек. Сондықтан білім беру мекемелерінің рөлі ерекше маңызды. Біздің міндетіміз - жастар арасында ақпаратты арттыру ғана емес, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа төзбейтін мәдениетті қалыптастыру. 

РКС: Панельдік пікірталас үлкен жұмыстың бастауы ғана. 10 желтоқсанға дейін университетте студенттік акциялар сериясы өтеді. Ол тақырыптық көрмелер, флешмобтар және ашық кездесулер. Бұл іс-шаралар жастарға жеке шекара мен қауіпсіздік тақырыбын жақсы түсінуге көмектеспек. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу