Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы артып келеді
ДИКТОР: Биыл аймақта кәмелетке жасы толмағандарға қатысты 132 құқық бұзушылық тіркелген. Былтыр осы кезеңде 55 дерек болған. Сонымен қатар 11 буллинг жағдайы анықталып, жасөспірімдер арасында суицид жасауға әрекет етудің 9 дерегі тіркелген. Бұл мәселелердің алдын алу үшін Көкшетауда мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Оған бес білім беру ұйымынан 100-ден астам оқушы қатысты.
РКС: Заң бойынша 18 жасқа толмағандарға түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін заңды өкілінсіз көшеде жүруге болмайды. Қараша айында шаһарда осы талапты елемеген жасөспірімдерге қатысты 70 дерек тіркелді. Жиында оларға бұл шектеудің мәні түсіндірілді. Сондай-ақ өзге адамдарды рұқсатсыз видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаудың құқықтық салдары айтылды.
СНХ: ЕСКЕНДІР БЕКБОЛАТҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ: Қазіргі уақытта әлеуметтік өте қарқынды дамып жатыр. Соның кесірінен жасөспірімдер өздерінің дұрыс емес әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды. Бұл жерде әкімшілік құқықбұзушылықтың 127-ші бабына сәйкес, ата-аналарын жауапқа тартамыз. Егер жасөспірімнің өзін әкімшілік құқықбұзушылққа 16 жастан тартуға болады. Аса ауыр қылмысқа 14 жастан бастап тартуға болады.
СНХ: ӘННЕЛ ӘБДІЛМАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Қазіргі кезде балалар арасында, шынымен де, құқық бұзушылық, әділетсіздік, түсініспеушілік өте көп деп ойламын. Менің ойымша кейбір ата-аналар өз балаларына көп бостандықты береді. Содан балалар түнгі 12-ге дейін құқық бұзып кетеді, немесе жаман бір ортаға кіріп кетеді, содан қылмыстық жағдайлар пайда болады.
РКС: Құқықтық тәрбие мен жауапкершілік мектептегі күнделікті білім беру үдерісінен де көрініс табады. Мәселен, биыл М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназияда академиялық адалдық ережесі енгізілді. Ол оқушылар мен педагогтерге бірдей қолданылады. Ереже талаптарының сақталуын арнайы комиссия қадағалайды.
СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектепте академиялық адалдық бойынша комиссия бар. Оның белгілі бір талаптары бар. Егер плагиат болған жағдайда комиссия қарастырады. Егер раталса, тәртіптік жазаға тартылады.
СНХ: НҰРАЙ ҚАБДЫРӘШИТ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біз көшірмей академиялық адалдықты ұстану керекпіз деген ойдамын. Мектепте көбісі чат гпт, т.б., яғни жасанды интелектті пайдаланып, өзінің үй жұмысын жасанды интелтпен беріп, соның үлесін, қолданғанын айтпайды. Осылайша, өз білімімен, өзінің ойын жазған адамның еңбегін құнсыздандырып жатады.
РКС: Ал буллинг пен кибербуллингтің алдын алу үшін гимназияда «Құқық білгірлері» волонтерлік жобасы қолға алынған. Қыркүйекте басталған бастама келер жылдың мамырына дейін жалғасады. Жобаға 8-11-сынып оқушылары қатысып, бастауыш және орта буын білім алушыларына құқықтық тақырыптарды ойын түрінде түсіндіреді.
СНХ: ОРЫНГҮЛ ТЕРЖАНОВА, «ҚҰҚЫҚ БІЛГІРЛЕРІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазір өзекті мәселе деп ойлаймыз оқушылар үшін буллинг және кибербуллингқа байланысты көп оқушылар үндемей қалады, жасырады, айтуға ұялатын жағдайлар болады , осы жоба арқылы оқушылар өз ойларын жеткізіп, және кімге жүгіну керектігін және шеші жолдарын білетін болады. Және осы жоба аясында біз полиция қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасаудамыз.
РКС: Құқық бұзушылық деректерінің өсуі жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін көрсетеді. Осы бағыттағы профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ