ДИКТОР: Халық қалаулылары азаматтардың пікіріне құлақ асып, олардың нақты мәселелерін шешуі тиіс. Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес мүшелері отырыс барысында осылай деді. Кеңеске аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары мен аппарат басшылары қатысты. Олар жергілікті жердегі өкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің негізгі міндеттерін талқылады.
РКС: Негізгі бағыттың бірі - мәслихаттардың азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастығы. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабдуәли Құлушев мұндай диалог түрлі салалар бойынша шешім қабылдау кезінде халықтың пікірін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыс әкімдігімен және мәслихатымен бірлесіп, аймақтың әкімшілік-аумақтық құрылысы және кейбір елді мекендердің атауын өзгерту мәселелері қаралды. Былтыр алғаш рет облыс әкімдігінің 2025–2026 жылдарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы қаулысы жарияланды. Денсаулық сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қоғамдық кеңес президиумы ұжымдық шешіммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша берілетін дәрілік заттар тізімін кеңейтуді қолдады.
РКС: Кеңесте барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиналғандар ашықтықты қамтамасыз етумен өатар барлық рәсімдердің сақталуының маңыздылығына тоқталды.
СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтті. Үш жыл ішінде өзгерістер орын алды, сайлау науқандары өткізілді. Біз жергілікті деңгейде бес сайлау науқанын өткіздік. Қазіргі таңда мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстарын бастап кеттік, Оны ойдағыдай өткізу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Қазір сайлау комиссиясының мониторингі бойынша қандай өзгерістер болатыны ең маңызды мәселе болып отыр.
РКС: Кеңес отырысында әкімшілік-процессуалдық заңнама талаптары мен азаматтардың арыз-шағымдарын есепке алудың тәртібі де түсіндірілді. Спикерлер дәл осы шағымдармен жұмыс істеу халықтың билікке деген сенімінің деңгейін көрсететінін атап өтті.
ТОМИРИС ИДРИСОВА,ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ