ДИКТОР: Цифрландыру облыстың барлық саласына белсенді түрде енгізілуде. Бүгіндері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет кәсіпорындарда ғана емес, бірыңғай цифрлық кеңістікте де жұмыс істейді. Технологиялар заңсыздықтарды анықтауға және мониторингті жүзеге асыруға қалай жәрдемдесіп жатыр? Тілші айтсын.
РКС: Халық денсаулығы санитарлық бақылауға тікелей байланысты. Бүгінде бұл жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың ақпараттық жүйесі күшейте түскен. Ол медициналық ұйымдардың, зертханалар мен кәсіпорын мамандарының деректерін біріктіреді. Сарапшылар бұл жүйе тиісті бақылауды жүзеге асыруды мейлінше жеңілдетеді дейді. Өйткені, жүйе тіпті қандай қызметкердің медициналық тексеруден өтуі керектігін көрсетіп береді.
СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылдың 1-ші қаңтарынан бастап медициналық жеке кітапшалар толығымен электронды форматқа көшті. Бұл жағдайда бақылау және қадағалау субьектісі өз қызметкерлерінің аты-жөнін енгізеді. Барлық электрондық медициналық кітапша оның жеке кабинетінде, базада тұрады. Ол несімен ыңғайлы? Мысалы, бұрындары медициналық кітапша мерзімінің өтіп кеткенін қарау үшін маман қағаз түріндегі кітапшаны түгел қопарып шығатын. Әрине, кей сәттер көзге көрінбей қалатын. Кейде мысалы біреулер медициналық кітапшаны ұмытып кетіп жатады, ал бұл жерде бәрі электронды базада көрініп тұрады.
РКС: Медицина қызметкерлері электронды формат ыңғайлы деп отыр. Қағаз хаттамаларды толтырғаннан гөрі жүйеге тиісті мәліметтерді енгізу әлдеқайда жеңіл, әрі ең бастысы жылдам,-дейді.
СНХ: ВЛАДИМИР АНДРЮШКИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ – ГИГИЕНИСТ-ЭПИДЕМИОЛОГЫ: Электронды формат әлдеқайда жақсы. Ол жерде хаттаманы көрсетуге және оны ұсынуға болады. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Олар өздерінің жіберген олқылықтарының сапасын көре алады. Яғни қандай қызметкерлер жұмысқа жіберілген, жіберілмегенін немесе мерзімін өткізіп алғанын бәрін бақылайды. Және бұл жүйе кез келген жұмыс кезінде туындауы мүмкін осы тәуекелдерді басқаруды айтарлықтай жеңілдетеді.
РКС: Қазіргі күрделі жағдайда цифрлық шешімдер қауіпсіздіктің негізгі элементіне айналуда. Жүйенің басты артықшылықтарының бірі адами факторды қалпына келтіру. Өйткені, деректердің жоғалуы немесе кез келген құжаттағы қателік қызметкерге де жұмыс беруші үшін де зардабы ауыр болуы мүмкін.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ