ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған мемлекеттік тапсырыс аясында «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы азаматтық қоғамның ролі» атты облыстық семинар өтті. Бұл жиын маңызды қоғамдық бастамаларға серпін берген мазмұнды басқосу болды.
РКС: Жиында 2025-2030 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жолдары қамтылып, осы бағытта мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті күшейтудің маңызы ерекше атап өтілді.
СНХ: АСЫЛБЕК БАЯЖҰМА, «BAITAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда біз экологиялық мәдениет туралы көп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Экологиялық мәдениет дегеннің өзі далаға шығып қоқыс тастамай, өзінің туған жерін ластамай жүрудің өзі үлкен мәдениетке жатады. Осы мәдениеттердің бәрін қалыптастырған азаматтың отбасы да мәдениетті болады. Өзінің отбасында осы талапты қоя бастайды, кейін бұл бірте-бірте, біздің мемлекетіміз, жалпы қазақ халқы бұрыннан мәдениетті халықпыз. Дегенмен де, заманауи мәдени үлгіде шетелдің мәдениетін біз өз бойымызға сіңіруіміз керек және соларды жастарға үйретуіміз керек. Бүгінгі семинардың да мақсаты да осы.
РКС: Семинарға Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская арнайы қатысты. Ол адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар арасындағы үйлесімді байланысты дамыту мәселелері күн тәртібінен түспеуі тиіс екенін ашық жеткізді.
СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жаңа Конституцияда цензураға тыйым салынған. Қолданыстағы шектеулер тек адам құқықтарын қорғауға, атап айтқанда жеке өмірге қол сұқпау, ар-намыс пен қадір-қасиетті сақтау мәселелеріне қатысты. Егер қандай да бір әрекет өзге адамның жеке мүддесіне нұқсан келтіріп, абыройына тиетін болса, мұндай жағдайда мемлекет тиісті шара қолдануға міндетті. Азаматтық қоғам мәселесіне келер болсақ, бұл бағытта ашық диалог бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Осы орайда, қоғамның дамуына үлес қосып, адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып жүрген азаматтық сектор өкілдері жауапты патриотизмнің үлгісі. Бұл ұғым еліміздің Конституциясында да нақты жазылған.
РКС: Жиын барысында қатысушылар халықтың құқықтық сауатын көтерудің тиімді тетіктерін ұсынып, қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Елімізде болып жатқан саяси реформалар ол біздің, заң мен тәртіп қағидатының нығайтудың негізгі бағыттарының бірі. Яғни жергілікті басқару, заң мен тәртіп аясында заң мен тәртіп қағидатын нығайтуының бір түрі. Өйткені бізде жергілікті басқару ауыл әкімдерінің сайлауы, қоғамдық кеңістердің жұмысы, саяси партиялардың жұмыс барлығы осы еліміздің жаңағы заң мен тәртіп қағидатының дамуының жаңа нығайту бағыттарының бірі. Заң мен тәртіп ұғымы-ол біздің әр бір қоғамның дамуының негізгі кепілі болып есептеледі.
РКС: Бұл семинар мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы сындарлы диалогты кеңейту жолындағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ, тұрақты қоғамдық дамудың іргетасы ретінде құқықтық мәдениетті нығайту қажеттілігін айқындады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ