ДИКТОР: Степногорск қаласында жыл соңына дейін 320 орынға шақталған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Заманауи ғимарат кәсіби және әуесқой спортшыларға арналған. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов жұмыс сапары аясында спорт нысанының құрылыс барысымен танысты.
РКС: Жаңа кешен екі негізгі бөлікті қамтиды. Мұнда футбол, ауыр атлетика, бокс пен күреске арналған мамандандырылған спорт залдары орналасады. Сондай-ақ, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар кабинеттері және медициналық көмек көрсететін орын бар. Өңір басшысының бірінші орынбасары Елдос Рамазанов жауапты мердігерлерге уақытылы, әрі сапалы жұмыс аяқтауды қатаң ескертті.
ИНТЕРШУМ: Гимнастический высота какая?
- 15 метров.
- 15? Ну это серьезно.Это стандарт. Олимпийский стандарт.
- Залы высокие.
- Залы хорошие. Ну бассейн конечно 25 метров, можно было бы 50 метров.
РКС: Бұдан соң Елдос Рамазанов 45 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Қазір негізгі құрылыс-монтаж және қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталған. Жақын арада пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
ИНТЕРШУМ: Подключайтесь давайте. Делайте. У вас еще есть другие работы по области ?
- Пока нету, но участвует в тендере. Они уже выиграли один договор.
- Пока остановите это. Пусть закончить здесь. Вы же хотите работать по области. но, сперва закончите эти дома. Тут осталось та уже ничего. Даю вам две недели. Что бы за 2 неделеи закончили.
РКС: Степногорск қаласындағы жылу-электр орталығы жарты ғасыр бұрын салынған. Бүгінгі таңда 600-ге жуық үйді, 66 әлеуметтік және 27 өндірістік нысанды жылумен қамтамасыз етіп отыр. Орталық мамандары қазірден бастап келесі жылу беру маусымына дайындықты бастап кетті. Елдос Рамазанов жылу-электр орталығының басшысына нысанды "қызыл аймақтан" шығаруды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, Степногорск қаласында индустриалды аймақ құрылмақ. Онда 11 өндірістік учаскені орналастыру қарастырылған.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ