ДИКТОР: Ақмола облысында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында 400-ден астам жоба жүзеге асырылды. Осылайша, 150-ге жуық ауылдың инфрақұрылымы жақсарып, жаңа нысандар бой көтерді. Сонымен қатар, тозығы жеткен әлеуметтік ғимараттар ретке келтірілді.
РКС: Жақсы ауданының орталығында орналасқан мектептің іргетасы 1971 жылы қаланған. 2021 жылы "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Техникалық базасы да нығайтылды. Қазір мұнда 300-ден астам бала заманауи, әрі сапалы білім алуда.
СНХ: ӘДЕМІ ИСМАЙЫЛОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Жөндеу жұмысына дейін біздің мектеп өте салқын болатын. Біз қыстыгүні киіммен отыратын да жағдайлар болған. Ал, қазіргі таңда біз жеңіл киінеміз. Балаларымыз қыстың 30-40 градустың өзінде де біздің мектепте 19-18 температура көрсетіп тұрады. Толық жөндеу жұмыстарында барлық терезелер ауыстырылды. Жылу жүйелерінің барлығы ауыстырылды.
РКС: Игі жоба аясында аудандағы жалғыз оқушылар үйіне де жаңа тыныс берілді. Мұнда балалар қосымша білім алып, шығармашылықтарын шыңдап жүр.
СНХ: ЗӘУРЕШ ТҮСПАЕВА, АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мекемеде түрлі бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, хореографиялық, тілдік, ғылыми-техникалық, экологиялық, спорттық, туристік-өлкетану, сәндік-қолданбалы және зияткерлік даму бағыттары. Аудан бойынша 7 филиал бар. Сондай-ақ, Жақсы ауылының шағын орталықтары мен балабақша базасында да үйірмелер жұмыс істеп тұр.
РКС: Аудандық мәдениет үйінің де жағдайы осы уақытқа дейін сын көтермейтін. Қазір есік-тезерелері толық ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат қабырғасында кітапхана да орналасқан. Жалпы, Жақсы ауданында "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында 77 жоба жүзеге асырылды.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ