ДИКТОР: Көкшетауда кеңестік және қазақстандық эстрадалық композитор, қазақтан шыққан тұңғыш саксофоншының бірі Еркін Слетдиновтің шығармашылық кеші өтті. Тағылымды шара ұлттық музыка мен заманауи әуеннің тоғысуынан тұрды. Кеш шымылдығы эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен түрілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кеш барысында композитор Еркін Слетдиновтің әуеніне жазылған ақын Шөмішбай Сариевтің «Қазақ елі», «Айналайын қыз бала», «Сол бір ән», «Балдәурен» әндері шырқалды. Сондай-ақ Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ту тіккендер туралы баллада», «Қар жауып тұр», «Қос қайың» туындылары да орындалды. Әрбір әнде композитордың өзіндік қолтаңбасы көрініс тапты.

СНХ: ЕРКІН СЛЕТДИНОВ, КЕШ ИЕСІ: Музыка – менің бүкіл өмірім. Сондықтан бәрі қайдан басталғанын нақты айту қиын. Менің негізгі аспабым саксофон болды, сол себепті джаз музыкасына келдім. Мен қазақтан шыққан жалғыз джаз саксофонисті едім, басқа ешкім болған жоқ. Оның үстіне мұндай аспаптардың өзі өте аз еді. Осылайша бәрі басталды. Джаз музыкасының негізі – импровизация. Яғни, әуенді ойдан шығарып, бірден құра білуің керек. Уақыт өте келе бұл қасиет қалыптасады, ойыңдағыны сол мезетте музыкаға айналдырасың. Кейін мен өзім де әуен жаза бастадым. Уақыт өте келе алғашқы әндерім дүниеге келді. Сол әндеріме мәтін жазған – марқұм Бәкір Тәжібаев. Ал ол кісі өмірден өткеннен кейін, менің шығармашылығымда тағы бір маңызды тұлға – марқұм Шөмішбай Сариев болды. Оның сөзін жазған танымал әндердің бірі – «Балдаурен». Мен ешқашан атақ-даңққа ұмтылған емеспін.

РКС: Сазгердің өмірлік серігі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлыш сахна төріне көтеріліп, «Құсни-Қорлан» ьәнін тамылжыта орындады. Оның орындауындағы әсем әуен мен нәзік иірімдер көрермен жүрегін тебірентіп, зал ішін ерекше жылылық пен сазды сырға бөледі.

СНХ: ҚАПАШ ҚҰЛЫШ, ЕРКІН СЛЕТДИНОВТІҢ ЖҰБАЙЫ: Өміріміздің кәдімгі әдемі өтіп жатқанына мен ризамын. Мысалы өзім бүкіл дүние жүзін араладым, 48 мемлекетте болдым, Қапаш сен енді халыққа көбірек керексің мен осы балаларыммен болайын деп өзінің творчествосын ысырып қойып маған жол берді, оны кім жасайды, сондықтан осы азаматыма ризамын. Еркін да басқа жердің адамы емес, ол осы Ерейментау, Бестөбе жері, қанжығалы Бөгенбайдың ұрпағы. Сондықтан алысқа кеткен жоқпын, өзімнің елімде, төңірегімде, Арқада осындай бір үлкен кеш өтіп жатыр, иа соған бүкіл ұжымға рахметімді айтқым келеді, одан халқыма рахмет осылай жиналып бүгін бізбен бірге қуанышымызды бөлісіп жатқанына мыңда бір алғыс айтамын.

РКС: Өнер кешін тамашалауға қала тұрғындарымен қатар, алыс-жақын ауылдардан арнайы келгендер де болды. Сахнадағы әр әуенге ықыласпен құлақ түрген көрермен залды жылы қошемет пен шынайы әсерге бөледі.

 СНХ: ЖАҢЫЛ МЕЙРАМҚЫЗЫ, КӨРЕРМЕН: Дөңгілағаш ауылынан келдім, Қапаш апамыз болады біздің, сол Қапаш апамыздың ауылынан келдім. Бүгін міне концертін көрдік, концерт өте жақсы өтті, өзімізге ұнады. Сол міне жездеміз жеке концертін беріп жатыр, өзімізге керемет ұнады, молодец осылай жасарып қартаймай өсе берсін, Қапаш тәте қартаймаңыз, Еркін жездем екеуіңіз қартаймай осылай елді қуандырып концерт әкеліп жүре беріңіздер. Әндер шырқалды, домбырамен айтты, өзімізге ұнайды. Мен ерекше былай бөліп айта алмаймын, керемет болды, өзімізге керемет ұнады.

РКС: Еркін Слетдиновтің шығармашылық кеші ұлттық өнердің биігін тағы бір мәрте айқындап, тыңдарман жүрегінде жылы естелік болып қалды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ