ДИКТОР: Ақмола облысының інжу-маржаны саналатын Бурабай өңірінде вандализм мәселесі өзекті. Табиғи нысандарға зиян келтіру, жартастарға түрлі жазбалар жазу, ағаштарға жіп байлау – мұның барлығы қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Осындай оғаш әрекеттерді жою мақсатында Бурабай ауданының жастары вандализмге қарсы күрес шараларын бастады.

РКС: «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында Бурабай көлінің аумағында тазалық шаралары атқарылды. Волонтерлер табиғи нысандардағы жазуларды өшіріп, ағаштарға байланған жіптер мен түрлі заттарды алды. Сондай-ақ, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын атап өтті.

СНХ: АРДАҚ ҚОРҚЫТБАЕВ, ВОЛОНТЕР: Біз өткен жерімізді қайтадан қарап, қайтадан тазалап, басқа да жерлерді тазалап өтеміз. Ең бастысы біз жастарға айтатынымыз бұл жерлерді таза ұстау керек, яғни бұл тек әдемілік емес табиғатты қорғау ең басты міндет болып табылады. көбінесе осындай акциялар әр уақыт сайын өтеді. Бірақ соның өзінде де адамдар көбінесе мән бермейді. Біз еңбек жасап жатсақ та, оны ескермейді. Біз Бурабай ауданының жастары болған соң біз көбінесе Бурабайдың маңайы, Бурабай ауданының әрбір жеріне барып тұрамыз. Көбінесе адам көп жүретін жерлерді тексеріп отырамыз.

СНХ: АРУЖАН ҚАБДЕНОВА, ВОЛОНТЕР: Осындай акциялар бізде көп өткізіледі. Біз негізі вандализмге қарсымыз жіпті ағаштарға байлаған ол өте жаман іс, ағаштар оның кесірінен өспейді, тамырлары шықпайды сосын, негізі жазуларда жаман. Бұндай акция мына жерде 2 ші рет болып жатыр, келесіде басқа локацияга барамыз, басқа жаққа барамыз, басқа жақты тексереміз, басқа жақты істейміз, тазалаймыз және енді жастардың бұндай іс әрекеттерді қайта жасамайтынын ойлаймыз.

РКС: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мүлікті сақтау мақсатында жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдар вандализмге қарсы бірқатар шараны қолға алды. Мамандардың айтуынша, бұл мәселені тиімді шешу кешенді тәсілді талап етеді. Яғни, заңнамалық тетіктерді күшейту, қоғамдық қолдауды арттыру және түрлі құрылымдардың өзара ынтымақтастығы маңызды роль атқарады. Бурабай ауданының «Жастар Рухы» жастар қанаты да бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

СНХ: ӘЛІШЕР БАЙМҰҚАНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің ұғымымызда вандализм – бұл заң бұзушылық қана емес, ол – табиғатқа, мәдениетке, ұлттық құндылықтарға жасалған құрметсіздік. Бұл ұғым табиғи нысандармен ғана шектелмейді. Ескерткіштерді бүлдіру, жазулар қалдыру, қоғамдық орындарды ластау – мұның барлығы бір ғана мәселенің көрінісі. Сондықтан вандализммен күрес – тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Бұл – ең алдымен сана мен тәрбиеден басталатын күрес.

ГРАФИКА ТЕКСІ: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес, вандализм үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылық жасаған жағдайда 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе түзеу жұмыстары, 300-ден 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ГРАФИКА:

ҚР ҚК 294-БАБЫ:

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЗАЛАР:

500-2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе түзеу жұмыстары

 300-600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар

3 жылға дейін бас бостандығынан айыру

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ