ДИКТОР: Облыстық аналар кеңесі елдімекендерді абаттандыру, аулаларды тазалау және экологиялық мәдениетті арттыру бастамаларын қолдайды. Осы орайда, олар сенбіліктер мен "Таза бейсенбі" акцияларына қатысып, қоғамда тазалық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеп жүр. Көкшетауда 30-дан астам ана "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жағалаудың Назарбаев даңғылы бойын қоқыстан тазартты.
РКС: Қопа көлі - қала тұрғындарының жиі келіп, дем алатын орындарының бірі. Шара барысында Жағалау бойы қоқыстан тазартылды. Акция аясында көше тазалығына ғана мән берілмей, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға да ден қойылды.
СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Көкшетау қаласының тұрғындары осындай акцияға қатысып, үйдің маңайын тазартып, көршілерге айтып осындай акцияға қатысыңыздар. Біздің қаламыздың тазалығы, біздің қолымызда.
РКС: Аналар кеңесі мен бірге армян коғамдық бірлестігінің мүшелері де бұл игі шараға белсене қатысты. Олар жағалау бойынан бос пластик пен шыны бөтелкелерді жинап, демалушылар ластап кеткен орындарды ретке келтірді.
СНХ: СЕРГЕЙ ТОРОЯН, АРМЯН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қаламыздың тазалығы үшін шаһар тұрғындарын әр сенбілікке белсене қатысуға шақырамын. Мұндай шаралар арқылы қала тазалығын сақтап, оны көркейте түсеміз.
РКС: Аналар кеңесінің мүшелері алдағы күндері Көкшетаудағы ескерткіштердің маңайын реттеп, көшет отырғызу жұмыстарына қатыспақ.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ