ДИКТОР: "Таза Қазақстан" - бүгінде қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ауқымды экологиялық бастама. Еліміз бойынша бұл акция тұрақты түрде өткізіліп, мыңдаған адамды ортақ іске жұмылдырып келеді. Бұл жолы Көкшетауда игі шара плоггинг форматында ұйымдастырылды. Яғни, қатысушылар таза ауада жүгіріп, жол бойында кездескен қоқысты жинады. Экологиялық акцияға 1 мыңнан астам адам қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанынан бастау алған акция қатысушылары алдымен бой сергітіп, кейін қолдарына қап алып, Бұқпа тауының баурайына дейін жүгірді. Акция аясында олар 2,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, 100-ден астам қоқысқа толы қап жинады. Мұндай игі шара қоршаған ортаны тазартумен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл тек тазалық емес, мәдениетті қалыптастыру. Яғни, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны ластамай, оны таза ұстауға арналған іс-шаралар. Бүгін Көкшетау қаласының жастары, жастарлық ұйымдар, облыстық "Аманат" филиалы қолдап, біріктіріп, әкімшілікпен жасап жатырмыз.
РКС: Жүгіріп жүріп қоқыс жинайтын бұл шараға шаһардағы оқу орындарының студенттері белсене қатысты.
СНХ: АСЫЛЖАН КЕҢЕСБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл бірінші бастама емес, бұған дейін біз Бурабай курорттық зонада өткізген болатынбыз. Өзіміздің күнделікті өмір салтымызды таза ұстауға, қаланы таза ұстауға, жеке тұлға ретінде, мәдениетті қалыптастыруға көмегін береді. Тұлға ретінде қалыптасуға осындай кішігірім акциялардан жетілдіруге, және де Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткендей өз аумағымызды өзіміз тазаламасақ, сырттан ешкім келіп тазалап бермейді. Бәрібір бұл шығып жатқан қоқыс, өзіміздің қоқыстар ғой.
РКС: Бұқпа тауы - бұл қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Себебі, дәл осы жерден шаһар алақандағыдай көрінеді. Демалушылар жиі келетін аумақ акция барысында қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Алдағы уақытта Көкшетаудың айналысындағы өзен-көлдер қоқыстан тазартылмақ.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ