ДИКТОР: Көшпелі бариатриялық операциялар циклі аясында облыстық көпсалалы ауруханаға «Қазақстанның бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының» президенті Орал Оспанов келді. Ол аурухана хирургтарын қатыстыра отырып семіздіктің түрлі дәрежесі бар екі науқасқа операция жасады. Сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін дәріс ұйымдастырылып, онда мамандар семіздікті емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
РКС: Бүгінде Қазақстандағы ересек халықтың 58 проценттен астамында артық салмақ бар. Ал клиникалық семіздікке шалдыққан адамдардың үлесі 22 проценттен асады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, 2-ші типті қант диабеті жағдайларының 80 проценттен астамы артық салмақпен тікелей байланысты.
СНХ: ОРАЛ ОСПАНОВ, БАРИАТРИЯЛЫҚ ХИРУРГ: Артық салмақ — ең алдымен денсаулыққа кері әсер етеді. Өркениеттің дамуына, оның бізге беретін мүмкіндіктеріне байланысты біз аз қозғалып, аз жүретін болдық. Сондықтан қазір адамдар, әдетте, аз калория жұмсайды, ал бұл калориялар жиналып, ағза физиологиясының өзгеруіне әкеледі. Ең алдымен артық май тініне эндокриндік жүйе сезімтал келеді, соның салдарынан қант диабеті дамиды. Сонымен қатар, түнгі апноэ, бедеулік пайда болады, дәрі-дәрмекпен емдеуге қиын гипертониялық ауру дамиды.
РСК: Салмақты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін заманауи дәрілердің пайда болғанына қарамастан, бариатриялық хирургия, әсіресе, ауыр клиникалық жағдайларда семіздікті емдеудің тиімді әрі сұранысқа ие әдісі болып қала береді.
СНХ: ОРАЛ ОСПАНОВ, БАРИАТРИЯЛЫҚ ХИРУРГ: Қазір жаңа препараттар пайда болды, соның ішінде «Оземпик». Бұл дәрілер ең алдымен 2-типті қант диабетін емдеуге арналған. Сондықтан бұл препараттар инсулинге төзімділікті жақсартады. Бірақ айтарым, бұл дәрілер қаншалықты танымал болғанымен, бариатриялық метаболикалық хирургия өзектілігін жоғалтқан жоқ.
РСК: Дәрістен кейін Орал Оспанов артық салмағы бар науқастарға кеңес беріп, оларды әрі қарай емдеу тактикасын анықтады. Айта кетейік, соңғы бес жылда облыстық көпсалалы ауруханасында шамамен 50 бариатриялық операция жасалған.
МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ