ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Щучинск филиалы кезекті әскерге шақырылушыларды қабылдады. Енді Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар 40 күн бойы арнайы даярлықтан өтеді. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.

РКС: Әскери-техникалық мектеп жылына 8 шақырылым қабылдайды. Осында Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскери есепке алу орнына жүгініп, медициналық тексеруден өту қажет. Күні кеше аталған мекеменің биылғы екінші шақырылымының 27 сарбазы әскери ант берді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әскери-техникалық мектеп үлкен оқулардан кейін – университет, институт, бакалавр, магистратурадан кейін 24 жасқа толғаннан кейін Щучье филиалына келіп, бұл республика бойынша 13 сондай әскери-техникалық мектеп бар, соған келіп, 40 күндік оқу. Тактикалық сабақ, химиялық сабақ, оқ ату бар, саппен жүру бар.

РКС: 40 күндік оқу барысында курсанттар әскери істің қыр-сырын меңгереді. Атыс дайындығынан өтіп, түрлі қарудан дәл көздеуді меңгереді. Тактикалық сабақтарда да әрекет ету тәсілдерін пысықтайды. Әсіресе, ПКМ пулеметінен ату дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді. Қысқа мерзім ішінде курсанттар әскери тәртіпке бейімделіп, шыдамдылық пен жауапкершілікті бойына сіңіреді.

СНХ: НҰРМҰҚАСАН ШОРМАНОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Астана қаласынан келдім. Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскери ант қабылдадық. Бәрі қобалжып тұр. Бірақ бәрі жақсы өтті деп ойлаймын. Барда жұмыс істеймін, бармен. Әскери борышымды өтегеннен кейін әрі қарай жұмыс істеймін. Менің ойымша әр азамат Отан алдында әскери борышын өтеуге керек.

РКС: Биылдан бастап курсанттардың Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін сертификат және әскери билет алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, сәуірдің 13-і күні мектеп үшінші шақырылымын қабылдамақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ