ДИКТОР: Ерлан Ахмедидің кезекті туындысы көрермен назарына ұсынылды. Қарбалас тіршіліктің шырмауында қалып, өмірдің мәнін іздеген жандардың ішкі тебіренісі мен толғандырған сұрақтарына жауапты автор «Ойлан, қазақ!» атты романында көркем бейнелеген. Сананы дүр сілкіндірер, салмақты ой салатын шығармада тарихтың таңбалы іздері мен психологиялық танымдар және адамгершілік қасиеттер айқын көрініс тапқан.
РКС: Ерлан Ахмедиевтің «Ойлан, қазақ» романының желісі 2023 жылы ойға келіп, араға 2 жыл салып кітап болып басылып шығады. Роман желісі Көкшетау қаласында өрбиді. Бір тұлға арқылы бірқатар өзекті тақырыпты көтеріп, бір ұлттың мәселесін айқын көрсеткен автор шығармада жастардың назарынан тыс қалмайтын тақырыптар да өз орнын тапқан.
СНХ: ЕРЛАН АХМЕДИ, ЖАЗУШЫ: Философиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, кез-келген адамның ішінде толғаныстар бар. Әр түрлі ойлар бар. Сол сияқты 1 тұлғаның ішіндегі 3 тұлғасы сөз талқыға түседі. Қандай нұсқа дұрыс? Локалды дүние. Бір тұлға арқылы, бір ұлтты көрсетуге Жасанды интеллект, вертуалды уақыт машинасы сияқты тақырыптар бар. Қазақ әдебиетін 21 ғасырдың үрдістерін үндестіру мақсатында осындай техналогияларды қолдану,а тырысып баққан болатынмын.
РКС: Автор кейіпкер арқылы ұлттық тәрбие мен құндылықтарды айқын, әрі нәзік бейнелейді. Заманның үні мен сұранысына бейімделе отырып та, шыққан тамырыңмен қатар, рухани болмысты, ұлттық сана мен өмірлік бағытты сақтаудың мәнін көрсетеді.
СНХ: АЯУЛЫМ АСАНБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: «Ойлан, қазақ» романы маған өте қатты ұнады десем болады. Себебі, тарихи тізбек, ұлттық тәрбие, адамгершілік қасиеттер көтерілген болатын. Сонымен қатар, маған қатты ұнаған тұсы жасанды интеллект қолданған болатын.
РКС: Аталмыш туынды «Мecenat.kz» әдеби сыйлығының 5-ші маусымына қатысып, 33 үміткердің ішінен сытылып бәйгеден оза шапқан 6 романның қатарында. Жеңімпаздың туындысы бірнеше шет тіліне аударылып, халықаралық аренаға жол ашылды. Сонымен қатар, роман желісіне негізделген фильм түсіру мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл шығарманың көркемдігі мен әсерінің, ұлттық сана мен рухани құндылықтардың әлемдік деңгейде бағаланатынын көрсететін маңызды белес.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ