ДИКТОР: Көкшетауда брейкингтен облыс чемпионаты өтті. Брейкинг шаһарда осыдан 15 жыл бұрын қалыптасқан. Қазір жас брейкерлер Қазақстан чемпионатына қызу дайындық үстінде. Олардың мақсаты-алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына жолдама алу. Жергілікті атлеттер қазір қандай жетістіктерге қол жеткізіп жүр? Спорттың бұл түрі аймақта қалай дамып жатыр? Тілші баяндасын.
РКС:«Aqmola Breaking» секциясы 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер саны жыл сайын артып келеді. Секцияға балаларды қабылдау 7 жастан басталады. Валерия Петрованың спорттың бұл түрімен айналысып келе жатқанына 4 жылдан асты.
СНХ: ВАЛЕРИЯ ПЕТРОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бірнеше рет облыстық чемпионатқа қатыстым. Бұл - менің бесінші рет қатысуым. Өткен жолы мен екі үшінші және ұлдар арасында бірінші орынды еншіледім. Жалпы турнир өте керемет өтіп жатыр. Қарсыластарым жоқ деуге болады. Ұйымдастыру деңгейі жоғары. Осы жолы бірінші орын аламын деп ойлаймын.
РКС: Бұл жолғы облыс чемпионатына 120 спортшы қатысып жатыр. Брейк-данс бағыты 1970 жылдардың басында АҚШ-та көше биі ретінде пайда болған. Уақыт өте келе брейкинг бүкіл әлемге танымал болып, бүгінде ресми түрде олимпиадалық спорт түріне айналды. «Aqmola Breaking» секциясы жаңадан бастаушыларды да, ұлттық деңгейдегі спортшыларды да дайындайды. Жаттықтырушылар спорттың бұл түріне қызығушылардың саны артып келе жатқанын айтуда.
СНХ:ДАМИР БАЙМҰРЗИН, БРЕЙКИНГТЕН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Ақмола облысының чемпионаты Көкшетау қаласында 9-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Атбасар және Щучинск қалаларында да өткіздік. Бұл чемпионат жарты жылда бір рет өткізіледі. Негізгі мақсат -Ақмола облысының құрамасын жасақтап, реттеу. Кейін олар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады.
РКС: Алдияр Буменовтың отбасында брейкинг отбасылық дәстүрге айналған. Ата-аналар жаттықтырушылардың жоғары кәсібилігін ерекше атап өтуде.
СНК: АЛДИЯР БУБЕНЕЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӘКЕСІ: Менің балам отбасымыздағы брейкингпен айналысып жатқан үшінші адам. Ең үлкен ұлым 2021 жылы осы спорт түрімен айналыса бастады. Сол кезде брейкинг ресми түрде олимпиадалық спортқа кірген болатын. Ең үлкен ұлымнан кейін қызым мен үшінші ұлым да осы спортқа қызығып, алдыңғылардың ізін жалғап келеді.
РКС: Турнир төрешілері сайысқа қатысушыларға шеберлік сағатын өткізді. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және арнайы кубоктармен марапатталды.
МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ