ДИКТОР: Ақмола облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының кезектен тыс 30-шы сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыланып, кадрлық өзгерістер де орын алды. Жаңартылған кәсіподақ құрамасы алдында тұрған міндеттер қандай? Енді ұйымды кім басқарады? Тілші баяндайды.

РКС: Ұйым жұмысындағы басым бағыт - еңбек адамының құқықтарын қорғау. Қазір ең бірінші мәселе - жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шарттарды жасау. Бұдан бөлек, кәсіподақ құқықтық көмек көрсетумен шектелмей, әлеуметтік салаға да ерекше екпін түсіріп отыр. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және ауқымды спартакиадаларды өткізу сияқты шараларды қамтиды.

СНХ: МЕЙІРБОЛАТ ЖАҚЫПОВ, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ: Қазір бізде кәсіподаққа 103 мыңнан астам мүше тіркелген. Ең алдымен мемлекеттік қызметшілер, олардың саны 60 мыңнан асады. Одан кейін банк қызметкерлерң. Әлеуметтік ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік салалардың қызметкерлері. Оларға белсенді ұзақ өмір орталығы да жатады. Кәсіподақ үкіметке өз идеяларын, ұсыныстарын, талаптарын, кей сәттерде наразылықтарын жеткізеді. Ақмола филиалы алдыңғы қатарда тұр.

РКС: Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысына сәйкес ұйымды Қабдуәли Құлышев басқарады. Аудандардағы әріптестері бұл шешімді бірауыздан қолдап, жаңа басшының мол тәжірибесі мен беделін ерекше атап өтті. Енді өңірлік актив бір команда ретінде бірлесіп жұмыс істеп, ортақ нәтижеге қол жеткізуі тиіс.

СНХ: КҮЛПӘШ ОСПАНОВА, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгін Ақмола облысында өткен кезектен тыс кәсіподақ конференциясында төраға болып Қабдуәли Құлышев сайланды. Лайықты таңдау деп есептеймін. Тәжірибесі мол, беделді. Оның осы қасиеттері біздің қызметкерлерді тиімді қолдауға ықпал етеді деп сенемін.

РКС: Бүгінде облыстық филиалдың құрылымында 16 аудандық және 2 қалалық кәсіподақ комитеті, 391 бастауыш ұйым жұмыс істейді. Жалпы алғанда, бұл бірлестік 3 мыңнан астам қызметкердің мүддесін қорғайды.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ