ДИКТОР: Көкшетауда бір күнде 4 жылқының етін асатын аспаз бар. Шамамен 96 табақ ет шығады екен. Қасында көмекшілері де жоқ.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көкшетаулық Гүлмира Қасенова ет асумен 10 жылдан бері айналысады.Етті баппен, майын шығарып алмай, сүйегінен ажыратпай пісіру үлкен өнер,-дейді ол.

СНХ: ГҮЛМИРА ҚАСЕНОВА, АСПАЗ: 50 табақ тек таңертеңге тек дұғаға ғана асамыз. Түстен кейін тойда тоже сондай болады. Ең көбі 25 табақ болады. Сонда бір күнде бір мал емес 4 малдың етін асамыз. мен мән беремін әдемі піссін деп, сүйегінен шығып кетпесін деп. Жұмсақ болсын деп, қанша халықтың етін пісіргесін оларға да жақсы болсын деп. Басында қиындай болатын қазір үйреніп алғасын қазір маған тез. Мен үйреніп алдым, мен бірден білемін 1,5 сағ пісе ма 2 сағ пісе ма.

РКС: Білікті аспаз кесек-кесек етке қарап-ақ малдың күйін, қалай сойылғанын бірден таниды. Ол сүйекті аралап, балталамай әдемілеп “қазақша” бұзу керек дейді. Сонда ғана ішкен ас адал әрі берекелі болады екен.

СНХ: ГҮЛМИРА ҚАСЕНОВА, АСПАЗ: Балтамен шапқаннан қазақша бұзған қандай жақсы, міне омыртқалары, жая, белдеме, бәрі қолмен бұзылған. Жамбас, жілік барлығы қазақша бұзылған. Табаққа тартқанда уже білесің қандай мүше салу керектігін. Бас табақта қандай, ортан табақта қандай, әртүрлі табақтарға бөлінеді ғой. Сый табағы, күйеу табағы, қыз табақ, келін табақ әртүрлі.

РКС: Гүлмира бала кезден қонаққа табақ тартудың жөн-жоралғысын жақсы біледі. Жастайынан малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеуді де әбден меңгерген.

СНХ: ГҮЛМИРА ҚАСЕНОВА, АСПАЗ: 5 класстан бастап мамам сиыр сауып, шек қарын тазартып үйретті. Сосын өзіңе керек болады деп осы мүшелерді үйретті маған. 8 класстан содан барлық мүшені біліп кеттім. Суып қалмас үшін осылай пищев пленкалармен орап аламыз. Мынау жылу ұстап тұру үшін суып қалмасқа. Осындай пищев пленка ыстықты жібермейді, ет жып жылы болып тұрады. Барлығын орап шығамын осылай.

РКС: Расында, баппен піскен етті келген қоннақ әдеппен ұсыну өте маңызды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазір Гүлмира Нұрланқызы етті бөлшектеп оны мейманға тарту дәстүрін жастарға да үйретіп келеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Соңғы уақытта аспаз әлеуметтік желіде танымал болып келеді. Ол ет асып, табақ тарту жайында лайфхактар түсіріп, түрлі видеоларды жүктеп жүр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ