ДИКТОР: Жуырда Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Қазақстандағы гидрогеология саласына зор үлес қосқан белгілі ғалым Айтқажы Қазбековты еске алуға арналған шахматтан ашық турнир өтті. Сайысқа 160 шахматшы қатысты. Додаға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.

РКС: Жыл сайынғы шахматтан ашық турнир биыл 10-шы рет өткізілді. Сайысқа Көкшетаудың жас шахматшылары ғана емес, сонымен қатар Зеренді мен Бурабай ауданы, Солтүстік Қазақстан облысынан да өкілдер келді.

СНХ: САЙЛАУБЕК БИГАТОВ, БАС ТӨРЕШІ: Жалпы жеті тур жоспарлап отырмыз. Үш турдан кейін Қазақстан Республикасының гроссмейстері Петр Костенко гроссмейстермен бір мезгілде ойын болады. Оған әр мектептен бір ойыншы қатыса алады. Өз күштерін сынап көреді. Арнайы медальдар бар, арнайы істелінген, жазуымен медальдар бар. Кубок бар, шахмат ойнағаннан кейін сыйлыққа әдейілеп шахмат сыйлығын беріп жатырмыз.

СНХ: МАНАРГҮЛ ТОХАН, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Шахмат жалпы оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдасумен бірге төзімділікке баулитын, логикалық үлкен табандылықты қажет ететін әдемі ойынның түрі. Бұл оқушының дамуына да үлкен әсер етеді. Екінші біздің іс-шарамыздың тағы бір мақсаты бұл ұрпақтар сабақтастығы.

РКС: Ашық турнирге қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш санатқа бөлініп, бақ сынасты. Сайысты Айтқажы Қазбековтың ұлы және немерелері ұйымдастырды. Турнирдің үшінші кезеңінен кейін халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Петр Костенко жас шахматшылармен бір мезгілді ойынын өткізді.

СНХ: ПЕТР КОСТЕНКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ГРОССМЕЙСТЕР: Шахмат қарқынды дамып келеді. Федерациямыз шахматты тек жоғары деңгейде ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық саласында дамыту үшін елеулі үлес қосып жатыр. Балғын шахматшылар, гроссмейстерлер, соның ішінде Қазақстан құрамасы мен резервіміз қамтылған. Әйелдер шахматы өз жетістіктерімен ерекшеленіп келген, ал қазір ерлер шахматы да қарқынды дамып келеді. Жаңа есімдер, жаңа гроссмейстерлер пайда болып жатыр.

СНХ: НҰРЕТДИН НҰРҒАЛИ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ЗЕРЕНДІ): Үшінші разрядым бар. Зеренді ауданындағы №1 мектептің атынан облыстық командалық турнирге қатыстым. Республикалық турнирге де қатыстым. Бастапқыда мені ағам мен әкем үйретті. Ол кезде шахмат жай ғана ойын сияқты еді, ал қазір ол мен үшін одан да маңызды нәрсеге айналды. Алғашқы партиям жақсы өтті. Әрине, бір фигурамды байқамай беріп қойдым. Қарсыласым да жақсы ойнады. Жалпы, турнир жақсы өтіп жатыр.

РКС: Турнир қорытындысы бойынша 1-ші-4-ші сынып оқушыларынан Жания Даниярова мен Данияр Ерденев, орта буыннан Тимур Ерденев пен Нұрай Әмірхан, ал 9-шы-11-ші сынып оқушыларынан Әдия Шәйкенова мен Санат Исаханов 1-ші орынды иеленді. Жеңімпаздар сыйлықтармен және арнайы медальдармен марапатталды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ