ДИКТОР: Бүгін –халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мереке 1956 жылдан бастап жазушы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі. Ол балалар және ересектерге арналған ертегілердің авторы. Осыған орай, орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында "Андерсенландияға саяхат" атты ертегілер апталығы басталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кітапхана шаһардағы №1 мектеп-гимназисының 50-ге жуық оқушысын Андерсеннің ертегілер жинағымен қуантты. Апталықтың ашылуында алдымен жазушы Андерсен туралы мәлімет берілді.

СНХ: МӘДИНА ҚАМЗИНА, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біздің басты мақсатымыз - оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Күніне бізде 20 оқырмандарымыз бар. Күніне ертегілер және мектепке арналған кітаптарды оқып, білім алады.

РКС: Шара барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қызықты ойындар мен арнайы дайындаған сұрақтарын қойып, балалардың көңілін барынша көтерді.

СНХ: ӘЛЗАРА БУЛАТОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біз Андерсеннің "Қар ханшайымы" ертегісімен таныстық. Маған бұл ертегі өте ұнады. Қызықты ертегі болды. Сонымен қатар, кітапханада біз ойындар да ойнадық. Барлығы керемет өтті.

СНХ: ДАНИЯ ӘУБӘКІРОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біз Андерсеннің ертегілеріне арналған іс-шараға келіп тұрмыз. Маған оның ертегілер жинағы өте ұнады. Осы кітапхананың тұрақты оқырманымын. Кітап оқығанды ұнатамын.

РКС: Кітап апталығы сәуірдің 7-не дейін жалғасады.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ