ДИКТОР: Ақмола облысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында заманауи тәсілдер жүйелі түрде енгізілуде. Солардың бірі «AntiParaCraft» квест ойыны. Қоғамдағы өзекті мәселелерді ойын форматы арқылы түсіндіруге бағытталған интеллектуалды жобаның VІ маусымының қорытынды кезеңі аяқталды. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында өткізілген шара барысында қатысушылар әділдік пен адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын тәжірибе жүзінде зерделеді.

РКС: «AntiParaCraft-2026» квест ойыны бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылды. Жобаның алғашқы кезеңдерінде қатысушылар тақырыпқа сай бейнероликтер түсіріп, эссе жазды. Сонымен қатар, брейн-рингке қатысып, арнайы семинарлар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі қағидаларын меңгерді. Жалпы квест ойынына 4 құрама қоманда қатысты. Олар қорытынды кезеңде жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін сахналық қойылым арқылы көрермен назарына ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: СҰҢҒАТ ҚҰСПАНОВ, «FAIRFUTURE» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:///қазақша///00:20///Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жалпы мұндағы түсінік, берілетін ой барлығымызға түсінікті боды және ол барлығына өнеге болады деген ойдамыз. Жалпы мұндағы басты мақсат коррупцияға қарсылық. Және коррупциядан елімізді тазарту.

СНХ: ЖАНДӘУЛЕТ ЖАНАБАЙ, «ӘДІЛДІК АЛАУЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Құрылыс саласындағы жемқорлық мәселесін қарастырдық. Қазіргі тұрғын үйлер сапасыз десек те болады. Енді арасында бар, көпке топырақ шашпаймыз. Бірақ құрылыс саласы болғаннан кейін бұл маңызды. Құрылыс саласы біздің тұратын жеріміз, біздің тұратын үйіміз болғандықтан ол бізге маңызды. Сондықтан біз құрылыс саласын алдық.

РКС: Финалдық сайыстың бірінші кезеңінде құрама команда бірігіп өнер көрсетсе, 2-ші кезеңде команда көшбасшылары ортаға барын салды. Мықтылардың өнерін тамашалаған қазылар алқасы тиісті бағасын беріп, «AntiParaCraft-2026» квест ойынының негізгі мақсатын тілге тиек етті.

СНХ: САЯНА БАЛПАНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УННИВЕРСИТЕТІ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Ойынның негізгі мақсаты жас студенттердің бойына адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Жақсы мен жаманның аражігін айыра алуына септігін тигізу. Иә, бұл қарапайым дүние болып көрінгенмен жастар бұл тақырыпта үлкен мәселелерді ортаға салып, олардың шешу жолдарын ұсынды. Бұл жастардың арасында үлкен қызығушылық пен мәдени үрдісті көрсетті.

РКС: Жоғары оқу орнының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «AntiParaCraft» интеллектуалды квест-ойыны 1-ші курс студенттері арасында 7 жыл қатарынан үздіктерді анықтап келеді. Бизнес және құқық жоғары мектебінің «Ключи системы» командасы биылғы финалдық сайыста топ жарды. Команда ауыспалы «Адалдық кубогын» иеленді. Сондай-ақ, жарысқа қатысқан барлық команда белсенділік танытқаны үшін дипломдармен марапатталды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ