ДИКТОР: Әскери қызметтің беделін арттыру және мамандыққа құрметті қалыптастыру – мемлекеттік құрылымдардың басым бағытының бірі. Осыған орай бұл бағытта әскери бөлімшелер мен құқық қорғау органдары белсенді жұмыс жүргізіп, ашықтыққа, кәсібилікке және жастармен өзара іс-қимылға ерекше мән беруде. Қазіргі заманның Отан қорғаушысының бейнесі қалай қалыптасып жатыр? Әскери қызмет жастардың саналы таңдауына айналып отыр ма? Оксана Зинченко айтсын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бүгінде 5510 әскери бөлімі өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ауқымды және маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық тәртіпті, түзету мекемелерін күзету, сотталғандарды бақылау және қамаудағы адамдарды айдауылмен жеткізу бөлімнің негізгі басымдықтарына жатады. Жеке құрамның кәсіби дайындығы мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне ерекше көңіл бөлінеді.
СНХ: ЖӘНІБЕК СӘРСЕНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Қызмет жағдайларын жетілдіріп, әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көңіл бөлеміз. Тәлімгерлік институтты дамыту да басты назарда. Бұдан бөлек, бөлімнің қызметін белсенді түрде насихаттап, ашықтықты және қоғам үшін қызметтің маңыздылығын көрсетеміз. Жастармен жұмыс – стратегиялық маңызды міндет. Ашық есік күндері мен әскери-патриоттық шаралар арқылы жастардың жауапкершілігі мен азаматтық борышы сезімін дамытуға күш саламыз.
РКС: Бөлімде әлеуметтік қолдау жүйесі үздіксіз дамытылып, тәлімгерлік институты белсенді түрде жетілдірілуде. Ең бастысы жастарға, яғни болашақ Отан қорғаушыларға ереекше назар аударылады.
СНХ: ӘСЕТ ӘЛИХАНОВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ: Әскерді не үшін таңдадым деген сауалға жауап берер болса, бұл менің жеке шішімім болды. Өйткені, мен дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімімін. Болашақта ең алдымен балаларға өзім үлгі болуым керек. Әскерге барудан қорықпай, қызмет етуге дұрыс көзқараспен қарасын деп ойлаймын. Оларға өзім арқылы лайықты, өнегелі мысал келтіру басты мақсатым. Біз Отанымызды қорғау үшін қызмет етеміз. Елімізге қандай да бір қауіп төнсе, қорғауға дайын болуымыз керек.
РКС: Әскери және құқық қорғау органдары қызметке деген құрметті және қоғаммен ашық әрі тиімді диалогты қалыптастыра отырып, мамандықтың беделін арттырып, сенімді нығайта түспек.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ