ДИКТОР: Ақмола облысындағы 25 колледжде ашылған шағын шеберханада студенттер түрлі өнім өндіріп, табыс тауып отыр. Ал, түскен қаржы оқу орнының техникалық базасын нығайтуға және білім алушылардың жалақысына жұмсалады. Сондай оқу орындарының бірі - Көкшетау жоғары техникалық колледжі.

РКС: Дәурен Зарапов - Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенті. Мамандығы дәнекерлеуші. Қазір ол қоқыс салатын арнайы жәшік құрастырып жатыр. Тапсырыс берушінің қалауына қарай, түрлі көлемде әзірлейді. Былтыр да темірден біраз бұйым соғып, табыс тапқан.

СНХ: ДӘУРЕН ЗАРАПОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Иә, былтыр колледжге тапсырыс келген. Орындық, лавочкалар істеуге. Барлығын әдемі қылып істеп бердік. Колледж оны сатып, бізге степендияның үстінен ақша қосып, айлық ретінде берді. Өзімізге оңай, өте ыңғайлы.

СНХ: ӘУЛИЕ ХИВДАТ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚУ ШЕБЕРІ: Бұл жерде 6 бала дайындалады бір мезетте. Одан артық адам кіргізбейміз. Өйткені, техникалық қауіпсіздік бізде өте қатаң сақталады. Дәл қазіргі сәтте біз қоқыс жәшіктерін дайындап жатырмыз. Оны мысылы түсіндіреміз. Сызбасын береміз. Сызбасы арқылы түсіндіріп, көрсетеміз. Әрі қарай өздері жинай береді.

РКС: Колледжде құрылыс материалдары да шығарылады. Студенттер түрлі жиһаз құрастыруда. Ал, дайын бұйымдар шағын кәсіпорындардан бастап, ірі оқу орындары мен мәдениет нысандарына жеткізіледі.

 СНХ: ДОНАТ ВЫРЫПАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Біз жиһаз өндірісінің барлық қыр-сырын меңгердік. Мәселен, кромдау, бұрғылау және жеке тапсырыс бойынша дәл келетін өнімдерді дайындаймыз. Қазір цехта ең озық технологиялар қолданылады. Мұнда түрлі жабдықтар орнатылған. Облицовкалау және кесу станоктары, лазерлік және фрезерлік қондырғылар, сонымен қатар өндірістің әр кезеңінде жоғары сапа мен дәлдікті қамтамасыз ететін басқа да заманауи құралдар бар.

РКС: Көкшетау жоғары техникалық колледжі өңірдегі 55 кәсіпорынмен әріптестік орнатқан. Осылайша, тапсырыс негізінде өнімнің 230 түрі өндіріледі.

СНХ: НАРТАЙ ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2025 жылдың қортындысы бойынша колледж 170 млн.теңгеден астам қаражат тапты. Биылғы жылдары сол қарқыннан таймаймыз. Сол жиһаз өңдірісі, дәнекерлеу қызметі мен металл өңдеу жұмыстаырымен қызмет көрсету серіктестерімен келісім шартқа қол қойылды. Шағын кәсіпорын негізінде жұмыс істеп жүрген студенттер жұмыс көлеміне байланысты 50 мың теңге мен 80 мың теңгенің аралығында болады.

РКС: Соңғы жылдары өңірде дуалды оқыту бағдарламасымен білім алып жатқан студенттердің қатары көбейіп келеді. Мәселен, 6 мыңға жуық студент оқып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Ол үшін 24 оқу орны 800-ге жуық кәсіпорынмен арнайы келісім жасаған. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығын шешуге де мүмкіндік береді.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ