ДИКТОР: Облыста көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталып кетті. Былтыр өңірден 1900-ге жуық азамат әскер қатарына шақырылып, қазір олар Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Сарбаздардың басым бөлігі еліміздің Қарулы Күштерінде, шекара қызметіне, Ұлттық ұланға шақырылған. Биыл өңірден 1 мыңға жуық азамат көктемгі мерзімді әскерге алынады.
РКС: Бірінші кезекте Шекара қызметін жасақтау міндеті тұр. Қазір Ақмола облысына 70 жас шақырылды. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 70 адам салтанатты түрде жіберілді. Шақыру қағаздары қағаз түрінде және 1414 нөмірінен SMS арқылы жіберіледі. Хабарламалар азаматтың атына тіркелген телефон нөміріне келеді. Бір өкініштісі, көпшілік жастар мұндай SMS-терді онша елей бермейді. Заңға сәйкес шақыру қағазы бойынша келмегендерге айыппұл салынады. Бұдан бөлек, ақпарат жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Егер кәсіпорын азаматтың келуін қамтамасыз етпесе, оның басшылығы да айыппұл арқалауы әбден ықтимал. Отбасылық жағдайына байланысты міндетті әскери борышын өтей алмайтындарға басқа балама да мемлекет тарапынан ұсынылған.
СНХ: ҚАНАТ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қорғаныс Министрлігінің тарапынан 24-ке толған азаматтар жағдайы қиын, басқасы бар 24-ке толған азаматтар 40 күндік әскери қызметтен өтуге болады. Сол кезде оларда әскери билеті бар деп есептеледі. Бірақ бұл 24 жасқа толғаннан кейін.
РКС: Орта арнаулы және жоғары білімі бар сарбаздар мерзімді әскери қызметке келгеннен соң жарты жылдан кейін келісім-шарт негізіне ауыса алады. Сондай-ақ оқу орнына түсуге жеңілдіктер де қарастырылған. Өзін жақсы жағынан көрсеткендер еліміздің азаматтық және әскери оқку орындарында тегін білім алу сертификатына ие болады. Бұдан бөлек, міндетті әскери боршын өтеп келгеннен кейін олар ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырма-ақ ақылы бөлімге түсе алады. Мысалы, былтыр аймақтан 20 сарбаз тегін білім алу құқығына ие болды. Оның бесеуі азаматтық мамандықты таңдаса, біреуі жоғары әскери оқу орнына түсті.
СНХ: ҚАНАТ ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әскер қызметін атқарып жүргенде өте жақсы жетістіктерге, нәтижелерге ие болған азаматтар тегін ҰБТ-сыз, емтихан тапсырмай, оған қатыспай сертификатқа ие болды. Сол сертификат жоғары оқу орнына түсті дегенді білдіреді. Бұдан басқа кредиттік коникул беріледі 14 айға. Бұйрық шыққаннан кейін сол 12 ай азаматтық борышын өтеуге және 2 ай жұмысқа орналасуға уақыт беріледі.
РКС: Қазір Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша барлық өңірде «Аналар жүрегі» ұйымы жұмыс істейді. Ұйымның негізгі мақсаты – аналардың баласының әскери өмірімен танысу және әскери қызметшілермен тілдесу. Сонымен бірге сарбаз бен ата-ананың және әскери бөлімнің арасындағы сенімді байланыс орнату.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ