ДИКТОР: Аршалылық ағайын қуанышқа кенелді. Мұнда 35 отбасына пәтер кілті табысталды. Жаңа пәтерлердің кілті ұзақ жыл кезекте тұрған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға берілді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қоныс иелерін құттықтап, жаңа баспаналардың кілтін табыс етті. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Баспаналы болғандардың бірі - Бақытгүл Шевелова. Бес баланың анасы бұл пәтерді 20 жыл күткен. Бұған дейін балаларымен пәтер жағалап жүрген ол, енді жайлы әрі кең, бастысы - өз пәтеріне қол жеткізгеніне қуанышты.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ШЕВЕЛОВА, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Бүгін қуанышты күн, действительно. Бәленбай жыл күтіп, үй беріліп жатыр. менің 5 балам бар. Біреуі қайтыс болған. Сол қайтыс болған қыздың екі жиені өзімізде. Өсіріп жеткіздім, колледжде оқиды уже,тәуба. Өзім биыл пенсияға шықтым. Міне үй беріп жатыр, үйлі болып жатырмын. Қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес.

РКС: 100 пәтерлі жаңа тұрғын үй реновация бағдарламасы аясында салынған. Заманауи талаптарға сай келетін баспана қоныстануға толық дайын. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов халықтың әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап, игі бастама алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін жақсы себеппен жүздесіп отырмыз. Жаңа баспананың кілтін табыстау. Баспананың кілті – бақыттың кілті. Осы мемлекетіміздің саясаты, әлеуметтік саясаттың іске асырылып жатқанның айқын көрінісі. Бұл біздің Президентіміздің тапсырмасы, осы әлеуметтік жағдай, экономикамыз өскенді халық сезіну керек. Халықтың тұрмысы жақсару керек.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мырзаевтар әулеті де бүгін қуанышқа кенелді. Олар бұл пәтерді 8 жыл күткен. Бүгінде үш баладан тараған 14 немере, 3 шөбереге арқа сүйеп отырған қарияға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

СНХ: ТЕМІРБЕК МЫРЗАЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Қуаныштымыз, күткенімізге 8 жыл болды. Мен второй группа инвалидпін. Сол маған беріліп жатқан пәтер. Мына үй салынып жатқанда осы жерге 100 рет келдім. Құрылысын өзін қадағалап жүрдім келіп. Үйді тез салды, ұнап жатыр, жылы.

РКС: Жалпы, былтырдың өзінде аймақта 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, аймақ солтүстік және орталық өңірлер арасында құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатарға шықты. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, 1300-ден астам пәтерді қамтитын 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Әдемі қартаю да бір бақыт. Аршалы ауданының қариялары үшін бұл қуаныш еселене түсті. Аршалыда олардың бос уақытын тиімді әрі көңілге жайлы өткізуге мүмкіндік беретін белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қанат жайған орталықтың ашылу салтанатына қатысып, зейнеткерлермен тілдесті. Ол мұндай орталықтар қариялардың бесленді әрі сапалы өмір сүруіне мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаудың бір көрінісі екенін атап өтті.

ИНТЕРШУМ: Глава государства неоднократно говорил, уважаемые наши ветераны должны жить всегда в почете и уважений. Это - социальная политика главы государства.

РКС: Орталықта спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытында 11 түрлі үйірме жұмыс істейді. Қариялар мұнда хореография, йогаға қатысып, компьютерлік сауаттылығын арттыра алады. Сондай-ақ, қолөнер мен шахмат үйірмелері де қарастырылған. Ал өнерге жақын жандар үшін домбыра, баян және гитара сыныптары ұйымдастырылған.

СНХ: АМАНҒАЗЫ ЗЕЙІТОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне, бильярд ойнап жатырмыз, теннис ойнаймыз. Мен өзім көбінесе бильярдты жақсы көремін. Өте жақсы, жылы, кең. Әртүрлі залдары бар. Диванда жатқаннан гөрі мында келіп, әңгімелесіп, ойын ойнап, көңіл көтеріп қайтуға өте қолайлы. Рахмет.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыста бүгінде 7 ауданда белсенді ұзаө өмір орталығы жұмыс істеп жатыр.

РКС: Бүгінде аймақта 119 мың қария бар. Алдағы уақытта мұндай орталықтар аймақтың барлық ауданында кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарланып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ