ДИКТОР: Красный Яр ауылында тазы тұқымдарының жарысы, бәйге және дәстүрлі садақ атудан сайыс өтті. Жарыстар Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Облыс тұрғындары шараға белсене қатысты.

РКС: Желді күнге қарамастан ипподромда тазы тұқымдарының жарысы өтті. Оған облыстың бірнеше ауданы мен Астана қаласынан ондаған қатысушы келді. Олардың қатарында белгілі қазақстандық мүсінші, қазақтың тазы федерациясының негізін қалаушы Мұрат Мансұров та бар. Бүгін оның жүйрік тазысы барлық қарсыласын озып, бірінші орынды иеленді.

СНХ: МҰРАТ МАНСҰРОВ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ: Астанадан келіп, бірнеше ит әкелдік. Бірінші орынды Алғыр алды. Ол жарыстарға жиі қатысады, Қазақстандағы үздік иттердің бірі. Ұрғашы иттің аты Қарақұс. Көкшетауға жиі келеміз, әсіресе Наурыз мерекесі аясында осында қуанышпен келіп тұрамыз.

РКС: Григорий Федусик пен Арман Жүсіпов екінші және үшінші орындарға ие болды. Олар Красный Яр ауылының тазы тұқымының иелері. Иттері Қазақстан бойынша түрлі жарыстарға тұрақты түрде қатысып жүр.

СНХ: ГРИГОРИЙ ФЕДУСИК, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ: Иттермен көптен бері айналысып келемін. Жарыстарға үнемі қатысып, түрлі қалаларға барамыз. Бүгін өз ауылымызда өткен жарысқа қатысып, екінші және үшінші орын алдық. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ұлттық спорт түрлері біздің өзіміздің жасөспірімдер спорт мектептерінде дамып келе жатыр. Президент тапсырмасы аясында көптеген өзіміздің мектептерде осы садақ атудан, тоғызқұмалақтан, қазақша күрестен жаңа секциялар ашылып жатыр. Ауылды жерлерде секциялар ашылып жатыр. Өзіміздің ұлттық спорт мектебіміз бар. Красный Ярда жаңа ұлттық спорт клубымыз бар. Клубта өзіміздің жастар, ересектер командалары сол жерде жарыстарға шығады.

РКС: Бұдан бөлек бүгін дәстүрлі бәйге мен садақ атудан жарыс өтті. Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ