ДИКТОР: Бүгін Қазақстанда Ұлттық киім күні атап өтілді. Бұл ерекше мереке халықтың бай дәстүрі мен мәдени мұрасын еске салады. Наурызнама онкүндігі аясында өңірдің еңбек ұжымдары ұлттық киімнің сұлулығы мен символдық мәнін күн сайын паш етуде. Бүгін «Көкшетау Энерго» серіктестігінде кезекті мерекелік іс-шара өтті.
РКС: Серіктестік ұжымы Наурыз мейрамын жыл сайын ерекше атап өтеді. Түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киім киген қызметкерлер жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы мақсатта би қойылымдары, әндер, сахналық көріністер, сондай-ақ халықтардың дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы таныстырылымдар ұсынылды.
СНХ: АЛЕКСАНДР РЕДВАНЕЦКИЙ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін ерекше мереке. Ұжым бірнеше топқа бөлініп, әр топ Қазақстанда тұратын, сондай-ақ біздің кәсіпорында еңбек ететін этнос өкілдерін таныстырды. Мақсатымыз олардың тарихын зерделеу. Алда келе жатқан Наурыз мейрамы қарсаңында кәсіпорын қызметкерлерін және барлық қазақстандықтарды құттықтағым келеді.
РКС: Қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында шара байқау форматында өткізілді. Қазылар алқасының құрамында өңірдің қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Олар жергілікті зиялы қауым еңбек ұжымының ұлттық дәстүрлерге деген құрметіне жоғары баға беретінін айтты.
СНХ: ҚАЙЫРБАЙ ТӨРЕҒОЖА, ОБЛЫСТЫҚ «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Наурыз мейрамы келіп қалды, Ұлыстың ұлы күні. Осы мерекеге бұл мекемеде, бұл кәсіпорында кәсіпорын басшысының үлкен ұлтқа, елге жанашырлығының арқасында үлкен бір егістер атқарылып жатыр. Мынау еңбекте елімізді, өңірімізді электр қуатымен қамтамасыз етуде жақсы нәтижелерге жеткізілген ұжым. Бүгін мәне Наурыз мейрамы да үлкен көтеріңкі көңіл күймен атап өтіп жатыр. Бірнеше ұлттың өкілдері өнер көрсетіп, өздерінің ұлттық тағамдарының, сол ұлттың басқада біз білмейтін, білетін саңқырларын жақсы өздерінің дайындықтарымен көрсетіп танытып жатыр.
РКС: Іс-шара соңында қазылар алқасы әділ шешім шығарып, әр команда өз ерекшелігімен үздік деп танылды. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ