ДИКТОР: Облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Сонымен бірге «Қазқстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң нормаларын бұзуға қатысты қызметтік тергеп-тексерудің қорытындысы талқыланды.

РКС: Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 2 іс қаралды, оның бірі тәртіптік іс. Бүгін де отырыс барысында облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс тыңдалды.

СНХ:ГҮЛМИРА САҒАДИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Абзал Сапыбековтың өрескел, әдеп нормаларына қайшы мінез-құлқына қатысты және алдау арқылы ақша бопсалау фактілері бойынша дәйектер келтірілген. Сонымен қатар, ұдайы қоңырау шалып, жүк автокөліктерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге байланысты нұсқаулар беру деректері көрсетілген. Арыз-шағымға дәлелдеме ретінде телефондағы бейнежазба материалдары, сондай-ақ қаражат аударымдары туралы мәліметтер қоса берілген.

РКС: Тәртіптік іс жан-жақты қаралып, қос тарап тең тыңдалды. Оның барысында кеңес мүшелері іске қатысты сұрақтар қойып, пікірлер айтты. Аталмыш іс бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңнамасының бірнеше бабы бойынша заңның бұзылғаны анықталды.

СНХ:ГҮЛМИРА САҒАДИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Қызметтік тергеу қорытындылары бойынша іс материалдары мен инспекция қызметкерлерінің түсініктемелері негізінде басшының орынбасары Әдеп Кодексінің 5-ші тармағының 5-ші тармақшасы, 6-шы тармақтың 1-ші тармақшасы мен 8-ші тармақтың 4-ші және 7-ші тармақшалары, сондай-ақ ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 49-бабының 1-тармағындағы талаптарды сақтамағаны анықталды.

РКС: Бұдан бөлек Біржан сал ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметтік тәртіпті нығайту мақсатында әдеп нормаларына қатысты атқарылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Ал облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарына қатысты іс бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жіберу туралы шешім қабылданды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ