ДИКТОР: Солтүстік өңірге көктем кеш келеді. Бірнеше күн бұрын, желдің екпіні адам ұшырардай болып, борандатып тұрса, кешелі бері жаппай қар еріп, бір мезетте көшелер шалшыққа айналуда. Ақмола облысында Қазгидромет кәсіпорнының мамандары аудандардағы су деңгейінің көтерілу қауіптілігін жоғары, орташа және ең төменгі санаттарға бөліп, болжам кестесін дайындады.
РКС: Мамандар көктемгі су тасқыны кезеңіне негізгі гидрологиялық болжам дайындаған. Көпжылғы бақылауды, сонымен бірге ағымдағы көрсеткіштерді зерделеді. Ылғал қорын, жауын-шашынның мөлшерін, жердің қату тереңдігін бәрін жан-жақты саралады.
СНХ: НАДЕЖДА ГУРИШКИНА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Жоғары қауіп аймағына Астрахан, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Ерейментау мен Целиноград аудандары, сонымен қатар Қосшы қаласы жатады. Ал Зеренді, Жарқайың, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Сандықтау, Шортанды, Ақкөл және Жақсы аудандары мен Степногорск қаласы орташа қауіптілік аймағында. Қорғалжын мен Егіндікөдл аудандары және Көкшетау қаласына қауіп төніп тұрған жоқ. Ал республика бойынша қарасақ, Ақмола облысы су деңгейінің көтерілуі жағынан жоғары қауіпті аймақ саналады.
РКС: Осы мәліметтерді негізге ала отырып, аймақта нақты қауіпті учаскелер айқындалып, ықтимал су деңгейінің көтерілу қаупінің үш санатқа бөлінді. Мұндай болжам алдын ала қажетті шараларды қабылдауға және көктемгі су тасқынының салдарын азайтуға мүмкіндік бермек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ