ДИКТОР: №41 референдум учаскесінде Көкшетау қаласының тұрғындары және есептен шығару куәлігін алған азаматтар дауыс берді. Тізім бойынша бұл учаскеге 2626 адам тіркелген. Олардың барлығына дауыс беру мүмкіндігі жасалды.
РКС: №41 референдум учаскесі «Достар» мәдениет сарайында таңғы сағат 7-де ашылды. Комиссия мүшелері өз орындарында жұмыс жүргізді. Бақылаушылар да өз міндетін атқарды. Үйде дауыс беру үшін барлығы 5 өтініш түсті.
СНХ: НҰРЛАН МҰҚАЖАНОВ, №41 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Комиссия мүшелерінің барлығы тәжірибелі. Мұндай шараға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Арнайы оқудан және тестілеуден өткен. Дауыс беру процесі қалыпты өтіп, ешқандай жағымсыз жағдайлар болған жоқ. Бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен сәтті аяқтаймыз деп ойлаймын.
РКС: Бүгін Астана қаласының тұрғыны, еңбек ардагері де референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Ол әпкесімен бірге өз таңдауын жасады.
СНХ: МҰРАТ ШӘМШІНҰРОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Дауыс беру күні бз Астанадан келіп, азаматтық борышымызды орындап, жаңа Конституция үшін дауыс бердік. Солтүстік Қазақстан облысында болғанымызға қарамастан, келіп үлгердік. Шамамен 55 жыл бойы дауыс беріп келеміз. Өмірде белсенді болып, уақытпен бірге қадам басуымыз керек. Қазақстан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан, бейбіт әрі еңбекті бағалайтын ел. Сондықтан біз, зейнеткерлер, өз білетінімізді жастарға, өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бүгін ерекше қуанышты күн. Менің үлкен немерем алғаш рет дауыс беруге қатысты, сондықтан мен де ата ретінде келдім.
РКС: Жас жігіт Александр Жигарь да досымен бірге референдумда дауыс берді.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЖИГАРЬ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін жаңа Конституцияға қатысты дауыс беру үшін келдім. Мұндай маңызды әрі жауапты сәтте әрбір азаматтың келіп дауыс беруі оның міндеті деп ойлаймын.
РКС: Айта кетейік, дауыстарды санау процесі байқаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өтуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ