ДИКТОР: Биыл мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаменттің мамандары 3 мыңнан астам қызмет алушының бұзылған құқығын қалпына келтірді. Жүргізілген 4 тексерістің барысында 10 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Азаматтардың 1 мыңнан астам арыз-шағымы қаралды. Тілшіміз Мөлдір Елемесова баяндайды.

РКС: Ведомствоның деректеріне сәйкес, қалпына келтірілген құқықтардың басым бөлігі жер қатынастарына, геодезия мен картографияға қатысты. Ауыл шаруашылығы саласында 179 мәселе шешімін тапты. Азаматтардың шағымдары мен тексерулерінің нәтижесінде қажетті көмек көрсетілді.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Мысалы, соңғы екі апта ішінде департаментінің ұсыныстары негізінде осыған дейін мерзімі бұзылуымен бас тартылған 179 шаруа қожалығына 418 миллион теңгеден астам субсидия тағайындалды. Сонымен қатар, 300 гектар жер учаскесі бар шаруа қожалығына алқаптары жайылымдардан егістікке ауыстырылды. Бұл шаруашылық қожалығына кәсіпкерлігін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Осыған ұқсас, осымен жылдау мерзімі ішінде құрылыстарын аяқтамаған 3 адамға жер учаскелеріне жалдау шарттары ұзартылды.

РКС: Анықталған заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мамандар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру бағытында жұмыстарын жалғастыруда.

СНХ: РУСЛАН РАХЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАС МАМАНЫ: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 465 бабы сәйкес қалқалып, олар 400 мың теңгеге жуық айыппұл көлемінде қылқартылған тәртіпке келтірілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында құқық бұзушылыққа жауап бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке 11 лауазымдық тұлға тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша берілмісілер мен жұмыс тобы бір отырыс өткізілді. Отырысқа құқық қорғау органдары, қасіпкерлік палата мамандары тартылып, қызмет көрсетушілерге нақтыл ұсыныстар енгізілді.

РКС: Жыл басынан бері департамент мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 21 түсіндіру іс-шарасын өткізді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарға заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданды.

МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ