ДИКТОР: Биыл Ақмола облысының кәсіпорындары 2 триллион теңгеден астам өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарады. Басым бағыттар ретінде қайта өңдеу индустриясы, сауда және логистика қалып отыр. «Даму» қоры бизнеске қолдау көрсетуді жалғастырып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер, субсидиялар мен кепілдіктер ұсынып келеді. Мұндай қаржылық құралдар компанияларға импорттық өнімнің орнын алмастыруға және өздерінің технологиялық желілерін іске қосуға мүмкіндік береді. Өндірісті дамытуға мемлекеттік қолдаудың әсері қандай? Оксана Зинченко айтады.

РКС: «Даму» қоры өңдеу секторын одан әрі нығайтуды жалғастырып келеді. Ауқымды өндіріс іске қосуды жоспарлағандар үшін өткен жылдың мамыр айынан бастап «Өрлеу» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге 7 миллиард теңгеге дейін несие ұсынады. Айта кетейік, қаржыландыруды қазірдің өзінде 90-ға жуық жоба алған.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЙДӘУЛЕТОВА, «ДАМУ» ҚОРЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Даму» қоры Қазақстандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсететін қаржылық даму институты. Аталған қор қаржылық және оған қатысы жоқ өзге де қолдау көрсетеді. «Өрлеу» - қаржылық қолдау шаралары шеңберіндегі бағдарламаның бірі. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері, яғни былтырғы жылдан бастап 19,3 миллиард теңгенің 88 жобасына қолдау көрсетті. Бағдарламаның негізгі шарты – өңдеу өнеркәсібі жобаларына бағытталған. Проценттік мөлшерлемесі 12,6 процент.

РКС: Көптеген кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау қарапайым саудадан жеке өндіріске көшуге жасалып отырған мүмкіндік. Қосалқы бөлшектер сататын компания жеңілдетілген несиенің арқасында жекеменшік цех ашқан. Ол қаржыға заманауи жабдықтар сатып алып, кәсіпорынды импортқа тәуелділіктен арылтты. Осылайша жеке отандық өнім шығаруды жолға қойып отыр.

СНХ: ТАМАРА ПОЛЁТКИНА, «АСК АВТОРЕСУРСЫ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Даму» бағдарламасы мен мемлекеттің қолдауының арқасында ниесие алдық. Оған лазерлік станок, темір кесінділерді майыстырғыш, плоттер сатып алып, өндірісімізді бастап кеттік. Сондай-ақ ғимарат сатып алдық, қазір бәрі осы жерде. Қаржыландырудың мерзімі, жеңілдетілген мөлшерлеме бізге айтарлықтай қолдау болды. Үшінші жыл қатарынан қосалқы бөлшектер шығарамыз. Зембілді жалғайтын құрылғылар, транспортерлер жасап жатырмыз. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтпек ниеттеміз.

РКС: Биыл қорда «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды. Ол шағын және орташа өндірісті нақты қолдаудың тетігі. Бұл бағдарлама арқылы 200 миллион теңгеге дейін алуға болады. «Даму» қоры серіктестік желісі арқылы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер өтінімдерді тікелей екінші деңгейлі банкке береді, содан кейін олар жобаның жарамдылығын тексереді.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЙДӘУЛЕТОВА, «ДАМУ» ҚОРЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Іскер аймақ» өңдеу индустриясы жобаларына бағытталған. Бағдарлама аясында экономикалық іс-қимылдың 18 ортақ классификаторы бекітілген. Соның басым классификаторларының шеңберінде кәсіпкерлер қолау ала алады. Яғни кәсіпкерлер банкке өтінім қалдырады. Одан соң егер жоба бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе қолдау бағдарламасына қосады.

РКС: Айта кетейік, қор кепілді қамтамасыз ету тапшылығын шешу үшін кепілдіктерді белсенді пайдаланады. Мысалы, егер кәсіпкердің жеке мүлкі несиені қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, мемлекет кепілгер ретінде несие сомасының 85 процентіне дейін жабады. Былтырдан бері жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын 160-қа жуық жоба осындай қолдауға ие болды.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ