ДИКТОР: Қой жүнінен табиғи таза киіз басатыншеберлер елімізде саусақпен санарлық қана. Олардың бірі Тайтөбе ауылында тұрады. Шикізатты жаз бойы өзі бояп, дайындайды. Ұлттық бұйымдарға әсіресе шетелдіктердің қызығушылығы жоғары.
ИНТЕРШУМ: Мынау астары сырмақ өзі екі бетті болады ғой. Біреуі беті оюлы, сосын асты біртүсті киізді қолданамыз. Незігі бұл медиативтік процес қой. Басында хобби болған нәрсе адамның миын демалттыра ма? Өзім сырмақ жасағанда демалам. Жұмыс емес керемет нәрсе.
РКС:Қолөнерші Әлия Қалиасқарованың айтуынша киіз басу оңай емес, еселі еңбек пен уақытты талап етеді.
СНХ: ӘЛИЯ ҚАЛИАСҚАРОВА, ШЕБЕР: Қазақстан бойынша 3 адам ғана жасайды екен. Жүн мен киізбен, сырмақ жасап, текемет басатындар. Басқа адам қалмапты, осы өнерді сақтап, дәріптеп жүрген адамдардың ішінде. Мен әжемнің қолында өткен баламын. Осы жүн, киіз өзіме жақын. Жаз бойы жүн жуып, жүн түтіп, киіз басып жүрген балалардың біріміз. Негізі пайдалы екенін білемін. Жылы, сәндік, емдік қасиеті бар. Жүннің составында өзі нанолин деген химиялық ерекшелігі бар. Бұл антибактериальный эффект береді екен. Гидроскопиялық свойствасы бар, бойына су сіңірмейді. Ылғал ұстамайды, тез кебеді. Және бетінде шаң тұрмайды.
РКС:Киізді меринос және қазақи қой жүнінен басады. Меринос қойдың жүнінен негізінен декоративтік заттар мен киім кешек әзірленеді.
ИНТЕРШУМ: Қылшықты қойдың жүнітүрі міне осындай болып келеді. Қылшықты жүннен басылған киіздерді біз, жерге төсейтін сырмақтар жасаймыз. Бұл төзімділеу келеді мынаған қарағанда, шамамен біраздан кейін тесіліп, тесіліп қалады. Ал мынаның төзімділігі өте жоғары және 20-30 жылдай жата береді жерде. Сырмақтың шығу тегі деп айтады. Бұрын текеметтер басқан ғой ата бабамыз текеметтер тесіле бергеннен кейін бетіне жамау салып сырғаннан кейін сырмақ пайда болды дейді.
РКС:Шебер бүгінде бірнеше адамда тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар қойдың жүнін өздері дайындайды.
СНХ: ӘЛИЯ ҚАЛИАСҚАРОВА, ШЕБЕР: Сырмаққа өзіміз бояймыз, Тараз заводы тек миронос қойының жүнін жасайды. Боялған түрлері бар міне. Ал мынау менің талдырмаларым боялған. Ал мынау сырмақты үлкен қылшықты жүннің киіздері. Турциядан мынадай бояулар алам, жүнге арналған өте жақсы бояулар. Оны үлкен қазанға салып, қайнатып, жаз бойы өзімізге шикізат дайындап аламыз керегінше.
РКС: Шағын ғана бір метрлік текемет жасау үшін олар 3 аптадай уақыт жұмсайды. Жақында үлкен 3-те 5 метр көлемдегі сырмақ жасаған. Оған 1 ай кеткен. Киіздің жылуынан басқа адам денсаулығынан берер пайдасы да көп.
ИНТЕРШУМ: Балалар қазір заманауи кілемдердің үстіне жүріп, қандай болса ол кілемдердің шаңы бетінде тұрады. Астын көтеріп қарасаңыз асты тап таза болады. Үстінде еңбектеп жүрген балалар ол шаңды жұтып жатады. Аллергия мүмкін содан бар шығар деп ойлаймын. Мынаның бетінде ештеңе тұрмайды бойынан түгел өткізіп, шаңның бәрі астында жатады.
РКС: Әлия Сапарбекқызы «Бір ауыл-бір өнім» жобасына қатысып, 5 миллион теңгенің грантынұтыпты. Олқаржыға киіз басатын құрал сатып алған. Биыл жаңа технологияны іске қосады. Табиғи шикізаттан жасалған ұлттық өнімдерге әсіресе шетелдіктерден сұраныс жоғары.
ИНТЕРШУМ: Шетелдіктер қызығады. Кәдімгідей алып кетеді. Корпоративный клиеттер дейді ғой. Шетелден келген қонақтарына сыйға алады. Шапаннан шықтық деп отыр. Енді бірнәрсе беру керек. 10-15 кілем алып кететін жағдайлар болады.
РКС: Шеберлер қолға алған бір бағыт - киізден ойыншық жасау. Мұндай қолөнер туындылары көрмеге келушілердің көзіне бірден түседі екен. Кейіпкеріміз осы істі де игеріп жүр.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ