ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 81 жылдығына орай ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан облыстық турнир өтті. Оған 50-ге жуық ардагер қатысты. Тілшіміз Лаура Елубаева жалғастырады.

РКС: Жыл сайын өткізіліп келе жатқан облыстық шахмат пен дойбы турнирі биыл 25-ші рет ұйымдастырылып отыр. Турнирдің жабылу салтанатына ардагерлер кеңесінің, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты. Шара барысында турнирде жеңіске жеткен ардагерлер арнайы кубокпен және медальдармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Амантай Ахметов - бұл турнирге жылда қатысады. Бала кезден шахматқа жаны құмар. Қазір қоғамда интеллекті жоғары, терең ойлы азаматтарға сұраныс жоғары. Ал, шахмат адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын, - дейді ардагер. Ол бұл тартысты додада ерлер арасында бірінші орынға лайық деп танылды.

СНХ: АМАНТАЙ АХМЕТОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ): Осы турнирге жылға қатысамын пенсияға шыққаннан бері. 2 жылдай орын ала алмай жүрген едім. Міне, енді сәті келіп, бірінші орын алып отырмын. Шахматпен мен кішкентай кезімнен айналысып келемін. Біраз турнирге қатысамын. Осы шахматтың арқасында бармаған жерім жоқ. Осы ойын маған өте ұнайды.

РКС: Ал, Татьяна Шиндырей облыс аумағында ұйымдастырылып отырған турнирге алғаш рет қатысуы. Кәсіби спортшы емес. Бірақ, шахмат пен дойбы ойындарынан өтетін жарыстарды қалт жібермеуге тырысады.

СНХ: ТАТЬЯНА ШИНДЫРЕЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (БУРАБАЙ АУДАНЫ): Мен әуесқой споршымын. Бүгін турнирде бірінші орын алдым. Жоғары деңгейде өтті. Барлығына үлкен рахмет!Үстел теннисі жаныма жақын. Бос уақытта шаңғы теуіп, шахмат ойнаймын. Негізі спорттың барлық түрі ұнайды.

РКС: Аға буын өкілдері арасындағы жарыс жылда жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жылына екі рет турнир өткіземіз. Біріншісі, Ұлы жеңіс күніне орай өткізіледі. Екіншісі, қарттар күні қарсаңында өткізіледі. Бұл енді интеллектуалды ойын ғой. Сол ақсақалдар салауатты өмір салтын осылай насихаттап, жастарға үлгі бұл үлкен.

РКС: Қазір білім ошақтарында шахматтан үйірмелер ашылып, жастар арасында кеңінен насихатталып келеді. Тіпті, бұл интеллектуалды ойын белсенді ұзақ өмір орталықтарында да үйірме ретінде ашылып жатыр. Келесі турнир күзге жақын Қарттар күніне орай ұйымдастырылмақ.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ