ДИКТОР: Егіндікөл ауылының орталық алаңына заманауи LED-экран орнатылды. Жаңа цифрлық алаң қоғамдық кеңістікті көріктендіріп қана қоймай, халықты ақпараттандыруға және мәдени іс-шараларды өткізуге қосымша мүмкіндік ашып отыр.
РКС: Егіндікөл ауданы қарқынды дамып келеді. Мұнда қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, көркейтілуде. Бұл өзгерістер бүгіннің өзінде жергілікті тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Соңғы жылдары ауданда көптеген жаңашылдықтар орын алуда. Мәселен, былтыр аудан орталығында орталықтандырылған жылу жүйесі іске қосылып, тұрғындардың тұрмыс деңгейін айтарлықтай арттырды. Көшелер жаңартылған жарықпен қамтамасыз етілгеннен кейін жарық әрі қауіпсіз бола түсті. Шығармашылық демалыс аймақтары пайда болды. Саябақ абаттандырылып, Егіндікөл тарихында алғаш рет бағдаршам орнатылды. Аудан тұрғындары болып жатқан өзгерістерді үлкен қуанышпен қабылдап, жаңа LED-экранның орнатылуына да ризашылықтарын білдіруде.
БЛИЦ:
РКС: «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында сәуірдің 20-сынан бастап ауданда аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыруға байланысты дәстүрлі айлық басталды. Оған қатысушылар қыс бойы қар астында жиналып қалған қоқыстарды шығарып, бей-берекет үйінділерді жоюда. Осылайша көшелер көркейтіп, қоршаулар жаңартылып жатыр. Сонымен қатар ағаштарды бұтау жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммуналдық қызметтер ғана емес, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындар да белсене атсалысып жатыр. Тұрғындар бұл іске бей-жай қарамай, тазалық пен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын жақсы түсінеді.
РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ