ДИКТОР: Жарқайыңда көктемгі науқан қыза түсті. 100-ден астам диқан бас қосқан ауқымды агрокеңесте алдағы егіс мәселесі көтерілді. Техника дайын, тұқым жеткілікті, жанар-жағармай мәселесі жоқ. Жиында агробизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруды жан-жақты талқылады.
РКС: Аудан бойынша егіс алқабы 751 мың гектар. Оның басым бөлігі - 687 мың гектары жаздық дақыл. Мұнда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар орналастырылмақ. Майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып, мал азықтық базаға да ерекше мән берілуде. Тұқым қоры толық. 66 мың тонна дайындалып, қажеттіліктің бәрі толық қамтамасыз етілген. Ал дизель отыны нарықтан 15 процентке арзан ұсынылып отыр. Агроқұрылымдарға мемлекеттік қолдау да жалғасуда.
СНХ: БАХТИЯР ЖАНЗАҚОВ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Агрокеңес өте өзекті әрі дер кезінде өткізіліп отыр. Онда жоғары табысты дақылдарды өсіру перспективалары сияқты маңызды тақырыптар қозғалады. Сонымен қатар, оңтайлы егіс мерзімдері, бұл да аса маңызды мәселе, сондай-ақ негізгі құралдарды мемлекеттік қолдау мен субсидиялау жайы да талқылануда. Жалпы, мұнда көтерілген өзекті мәселелер өз шешімін тауып, қатысушылар тарапынан қолдау табуда.
РКС: Жиынға ауданнан бөлек, облыс деңгейінде қолдау көрсетіп отырған іргелі кәсіпорындар да қатысып, өз мүмкіндіктерімен бөлісті.
СНХ: АҚҚУ БАЙЖАНОВА, «EURASIA CROP CARE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Біздің компания 2021 жылы құрылған. Біз Norika, Rainbow секілді компаниялардың өкілдері әрі дистрибьюторларымыз. Ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, макро және микро тыңайтқыштарды жеткіземіз. Сонымен қатар, өнімділікті арттыруға бағытталған цифрлық қызметтер ұсынамыз. Өзіміздің John Deere бүріккіш техникаларымыз арқылы алқаптарды өңдеп, агроном-кеңесшінің сүйемелдеуімен қызмет көрсетеміз.
РКС: Көктемгі дала жұмыстарына 100-ге жуық трактор, 2000-нан астам тұқым сепкіш және 100-ден аса өнімділігі жоғары егіске арналған кешен жұмылдырылады. Агротехникалық шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ауа райы қолайлы болса, егіс науқанын 20 күн ішінде аяқтауға мүмкіндік бар,-дейді мамандар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ