ДИКТОР: Астанада өңірлік экологиялық саммит–2026 жалғасуда. Форум бағдарламасында пленарлық отырыстар өте көп. Саммитте Қазақстанда, сонымен қатар әлемдегі өзекті экологиялық мәселелер талқыланып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өтіп жатқан халықаралық іс-шарада Ақмола облысы да өз жетістіктерін таныстыруда. Биыл өңір бірқатар жобаны қолға алуда. Осылайша климаттық және экологиялық сын-қатерлерге практикалық шешімдер ұсынып отыр.
РКС: Ақмола облысының арнайы стендінде бірегей жобалармен танысуға болады. Онда табиғатты қорғауға, тұрақты дамуға және экологиялық таза технологияларды енгізуге бағытталған жобалар бар. Көрменің алғашқы күні Ақмола экспозициясын тамашалауға 15 мыңнан астам адам келді. Сарапшылар мұны жақсы көрсеткішке балап отыр.
СНХ: ДАНИЯР ДАЙЫРОВ, «VISIT AQMOLA» ТУРИСТІК-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін Ақмола облысы Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит–2026 алаңында. Біздің аймақтың стендінде экожобалар, сондай-ақ ұлттық парктер мен қорықтар ұсынылған. Сонымен қатар, жергілікті өндірушілердің экологиялық өнімдері де қойылған.
РКС: Ақмола облысы табиғатты қорғау саласында инновациялық шешімдерді енгізу мен экологиялық тұрақтылыққа ұмтылысы арқылы халықаралық қауымдастықтың назарын аударуды тоқтатқан емес. Биыл Өңірлік экологиялық саммит «Тұрақты болашаққа ортақ көзқарас» ұранымен өтуде. Ол елордада 24 сәуірге дейін жалғасады.
ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ